АЛТАН ТОБЧИ

“АЛТАН ТОБЧИ”, Алтын шежіре — орта ғасырдағы монғол тарихнамасының бірегей ескерткішімонғолдың үш ірі тарихи шығармасының бірі (“Асыл шежіре’’, “Монғолдың күпия шежіресі”). Шығарманың толық аты — “Хандардың тегі туралы алтын шежіре”. А. т-дың осы күнге жеткен екі нұсқасы бар. Бір-бірінен ажырату үшін бұл нұсқаларды “Кіші алтан тобчи” және “Үлкен алтан тобчи” деп атайды. А. т-дың алғашқы (кішінұсқасының авторы белгісізШамамен 17 ғ-дың басында жазылғанМонғолдар арасына ламашылдық түріндегі будда діні таралғаннан кейін жазылғандықтан, оның діни сипаты басым болдыШежіре будда дініндегі әлемнің пайда болуы мен адам баласының жаралуы туралы мифтік хикаялар мен Үнді, Тибет патша-әулиелері жайлы аңыз— әңгімелерден басталыпмонғол тарихымен жалғасадыОндағы Шыңғыс хан туралы шежіре-аңыздар мен ҮгедейҚұбылайлардан (Хубилайбастап Тогонтеміргеең соңы Линданханға дейінгі 270 жыл ішінде өткен оқиғаларды баяндайтын тараулардың тарихнама үшін ғылмаңызы өте зор. А. т-дың екінші нұсқасын 1630 ж. ордостық монғол ламасы Лобсанданзин өңдептолықтырғанБұл нұсқада да бұрынғы діни мазмұндар түгел қайталанбас бұрын әуелі Шыңғыс ханның арғы тегін будда аңыздарындағы әулие-әнбиелерден таратадыДегенмен бұл нұсқаның бір артықшылығы — ол 13 ғ-да жазылған “Монғолдың құпия шежіресі” деректерімен толықтырылғанәрі халық арасындағы шежіре-аңыздар мен мақал— мәтелдер кеңінен қамтылғанМазмұндық қайшылықтары болуына қарамастан А. т-дағы деректер Қытайдың ресми тарихи жазбаларындағы жаңсақ кеткен тұстарын толықтыра түседі. А. т. қытайорысжапон тілдеріне аударылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *