ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ(ағылш. tolerancе — тезімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғүрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.Т. — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Т. — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші