ПОСТМОДЕРНИЗМ

ПОСТМОДЕРНИЗМ— дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты бір қатаң анықтамасы жоқ. П. термині 1917 ж. бастап қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 ж. басталды. XX ғ. архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет.-экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц. философ, П.Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде П. термин-ұғым статусына ие болды. Ол П. туралы пікір-таласты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа шығарып, орталықсыздандыру принципін орнықтырды. Философияда П. онтология мүмкіндіктерінің сарқылғандығын түсіну ретінде қалыптасады. П-тік эстетиканың принциптері лабиринт пен ризома болып табылады. П. — Батыста индустриалдық қоғамның ор-нына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *