НОМАДОЛОГИЯ— қазіргі постструктурализмдегі ең жаңа бағыт. Бұл бағыттың қалыптасуы Ж.Делез бен Ф.Гваттариге байланысты. Н-ның басты ұстанымдары олар жұмысының екінші томында баяндалған. 1972 жылы шыққан бірінші том «Анти-Эдип« деп аталған еді. Екінші томды қалыптастыру барысында Делез бен Гваттари оған кіріспе ретінде «Ризома» деген жеке кітапша шығарды. Ризома постмодернистік сананың бейнесі, ол — орталығы жоқ және кеңістікте жайылған ау сияқты құрылым. Егер тереңде орныққан тамыр отырықшы мәдениетке тән болса, жер үстінде сусыған ризома көшпенділер мәдениетін бейнелейді. Себебі, көшпенділер кеңістікті бөлмей, кеңістікте бөлінеді. Н-дың бір-біріне қарсы қоятын екі ғылыми нұсқасы — компарс пен диспарс. Компарста ғылым объектісі өзгеріске түседі. Диспарс — көшпенділер ғылымының қағидасы — еш нәрсені өзгертпей, түтас күйінде қабылдайды. Ол бір-біріне материя мен форманы емес, материал мен қуатты қарсы қояды.