АЛТАЙ ТҮРІКТЕРІ — бүкілтүрік халықтарының арғы тегі. А. т. шығыста — Алтай, Саянда тұңғыш рет “Алтай-түркі ұлыстарының Афинасы” атанған (Л.Н. Гумилев, А. Окладников) түрік мемл-н құрып, алтын түстес бөрі басы бейнеленген көк байрақ кө— терген. Сондықтанда “Алтай” сөзі Тувадан бастап Түркияға дейінгі түркі халықтарында кең тараған қасиетті атау. А. т. шығыста — Алтай, Саян, батыста — Каспий т-н, Сыр бойын, Жоңғар, Тянь-Шань тауларын мекендеген тайпалардың алғашқы бірлестігі еді. Ол кезде түркі тілдес тайпалардың әрқайсысының өзінше аты болған. Енисей бойындағылар — қырғыз, Монғолияның шығысындағылар — татар, Турфан ойпатындағылар – ұйғыр, Орталық Азиядағылар — қыпшақ аталса, Алтай, Алатау, Ертіс, Сырдария, Қашқар, Балқаш, Жетісу өлкесіндегі найман, керей, қанды, үйсін, дулат тайпаларының одағына енген халықтар мен ұлыстар да түрік атанған. Қазір 1,5 мың жыл толған түрік мемлекетгілігі осы А. т-нен тарайды.