ДЗЕНДІК ОЙЛАУ— будда дінінің бір тармағы дзен-будданың негізінде қалыптасқан ұғым-термин. Дзен-будда классикалық үнді буддасының Қытайға, одан Жапонияға өтіп ұлттық дін мен философияның бірі ретінде қалыптасты. Д.о. — негізгі идеясы адамның өмір сүруінің, жалпы табиғатының ішкі әлемінде өтіп жатқан процесімен байланысқа түсу арқылы тану. Д.о-дың негізгі мақсаты сананы сәулелендіру, оны «сатори» деп атайды. Д.о. Аналитикалық, логикалық ойлау жүйесіне қарама-қарсы санаға инстинкті түрде ықпал ету деп аңықтама беруге болады. Д.о. бағыты, оның мәселесі әр қырынан К. Юнг, Д. Судзуки т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.