ДЕСТРУКЦИЯ— М. Хайдеггердің фундаменталды онтологиясының негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғымды Хайдеггер Гуссерльдің жас кезіндегі философиясына, әсіресе, оның феноменологиялық редукция тәсіліне қарсы пайдаланады. Егер бұрын Декарт, Кант философиясында сана абсолютті құбылыс ретінде дәріптелсе, Гуссерль сананың белгілі бір объектіге бағытталғанда ғана өз-өзін толтыратынын ашып, идеализмге үлкен соққы жасады. Мысалы, сіз Декартты оқымасаңыз, сізде Декарт философиясы туралы түсінік болмайды. Сол сияқты табиғаттың белгілі бір құбылысы туралы ойланбасаңыз, ол туралы да сізде түсінік қалыптаспайды. Демек, санаға тумысынан түсіну қабілеті беріледі де, оның орындалуы сананың ыждаһатына, белгілі бағытта жұмыс істеуіне байланысты. Демек, Гегельдің абсолютті рух туралы ілімі жалған. Себебі бүкіл таным жұмысы жеке саналардың қызметіне байланысты. Міне, осы тұрғыдан Гуссерль бұрынғы фило. дәстүрге алаңдаудың қажеті жоқ, бұрынғы түсініктерді жақшаға шығарып, өз қабылдау мүмкіңдігіңе қарай жаңаша түсінік қалыптастыр дейді. Феноменол. редукция дегеніміз осы. Себебі редукция деген сөз орнына қайту, қайтадан бастау деген мағына береді. Егер Гуссерль феноменол. редукция ұғымы арқылы әрбір философтың өзінше көзқарас қалыптастыруға ерікті екенін дәлелдесе, Хайдеггер бүкіл бұрынғы филос. дәстүрді жоққа шығарады. Себебі бұрынғы классик. философияда болмыстың атойын тыңдау, болмыспен сәйкестікте болу жоқ дейді. Демек, болмысты ұғынудың бұрынғы жолдарын жақшаға шығару керек. Егер класси-калық философия бар нәрсе туралы ілімімен шектелсе, Хайдеггер бар нәрсенің езегі уақыт дейді. Әрбір бар нәрсе тек уақыт пде бар, уақыты таусылғанда жоқ болады. Яғни, болмыстың мүмкіндігі уақытта. Сондықтан бүл үғымдар бір-біріне етене жақын.