ДЕПРЕССИЯ (лат. depressio — көңілсіздік, жабыраңқылық) — көңіл күйдің қаяулығы, зарығып сарғаюы, әртүрлі ауруларда кездесетін күй немесе психологиялық жағдай. Д. жағдайына душар болған адам өзіне көңілі толмаған күй кешеді (өзін кем санау комплексі), келешекке деген қорқыныш, үрей билейді. Оған өзінің барлық өмірлік жоспарлары орындалмайтындай көрінеді; ойлау қабілеті әлсірейді (сана жүмысы өзгереді) және ойы өзінің кемшілігімен өзі әуреге түседі. Д. күйіне түскен адам өзінің қорқынышы, кемшілігі жайында «қайғырып» содан ләззат алады. Д. XX ғ-дың екінші жартысындағы әлеум. сілкіністер — төңкерістер, әлемдік соғыстар, тоталитаризм, жүмыстан айырылу қаупі, экологиялық кризис нерв жүйесіне және психикасына ауырлық түсірді