ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ (ағыл. western — батыстық) — Батыс мәдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе батыстық донор мәдениеттен реципиент ретінде жеке құндылықтарды қабылдауы. В. деп Америка мен Африка құрлықтарындағыдай батыстық мәдени нормаларды күшпен енгізуді айтпайды. В. негізінен, мәдени қабылдаушы елдің басқарушы элиталық тобының белсенділігімен жүргізілген