АЛТАЙЛЫҚТАР ТІЛІ

АЛТАЙЛЫҚТАР ТІЛІ (1948 жылға дейін ойрот тілі деп аталған) — Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасы тұрғындарының тілі. Түркі тілдерінің шығыс тармағындағы қырғыз-қыпшақ тілдері тобына енеді. Алтайлықтардың жалпы саны 69000 (1992), бұлардың 88,6%-і А. т- н ана тілім деп санайды. А. т. оңт. (алтай, төлеңгіт, төлеуіт) және солт. (құманды, туба, шалқан) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуында оңт. диалектілердің (алтай-кіжі) ықпалы басым болды. А. т-нде 16 дауысты, 26 дауыссыз дыбыс бар. Өзге түркі тілдерімен салыстырғанда фонетика жүйесінде созылыңқы дауыстылар көбірек, лексикасында монғол тілінің әсері мол. Алтай халқы 1928 — 38 ж. арасында латын алфавитін қолданған. 1938 жылдан бері кириллица графикасына негізделген жазуды пайдаланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *