АРХЕТИП (грек. аrсhе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығарм. жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. А. өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени А-тер — бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. А. туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Л.С. Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К.Юнгтің аналитикалық психологиясында.