АРТЕФАКТ

АРТЕФАКТ (лат. artefactum — жасанды істелген) — табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі. А. ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмұны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады. Мәдени А-ға мыналарды жатқызуға болады: адамдар жасаған заттар мен нәрселер, техника және еңбек құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, жол т.б. А. ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбылысын (ғылыми теория немесе наным-сенім, өнер және фольклер туындысы, моральдық қағидалар т.б.) алуға болады. А-ының пайда болуын және олардың негізіндегі адамдық мақсаттар мен мүдделерді талдау арқылы, заттық болмыстың символикасын айқындауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *