АЛТАЙЛЫҚТАР

АЛТАЙЛЫҚТАР (өзд. Атауы – алтай кіжі) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасында тұратын түркі тілдес халық. Ертеректе Таулы Алтай мен Кузнецк Алатауындағы түркі тілдес халықтар да А. аталған. Ресей Федерациясында 69 мың адам (1992). Бірнеше этник. топқа бөлінеді: тубалар, құмандықтар, шалқандықтар немесе лебединдіктер, ақ қалмақтар, төлеңгіттер, телестер, телеуіттер. Оңтүстік-Сібір (Туран) расасына жатады, түркі тілдерінің оңт.-сібір тобындағы алтай кіжітелеуіт, төлеңгіт, туба, құман, шалқан диалектілерінде сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген. А- дың этник негізі 6 — 8 ғ-да теле, түркі тайпаларынан құралған. 13 — 18 ғ-да монғол, татар, жоңғар, ойрат тайпаларымен араласып, бір одаққа бірігу монғол тұрмысының әсерін күшейтті. Солт. А-дың дәстүрлі кәсібі — мал ш., аң аулау, аздап егіншілік, балық аулау, ұсталық. Дәстүрлі баспанасы қабырғасы жерден жартылай көтерілген жертөлелер мен ағаш үйлер. Негізігі, көліктері- ат. Қыста шаңғымен жүріп, терісі бағалы аң аулайды. Оңт. А-дың дәстүрлі кәсібі ірі қара мал өсіру, тайгадан, даладан аң аулау, арпа егу.  Баспанасы киіз үй, сырты қылқан жапырақпен жабылған шошақ күркелер. Діні — шамандық. 20 ғ. дейін күшпен христиан дініне енгізілді. Мифол-сы, фольклоры, батырлық жырлары өте бай. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *