АЛТАЙ КӨРТЫШҚАНЫ (Таlpa altaica) — жәндікқоректілер отрядының көртышқандар тұқымдасына жататын кішкентай жануар. Қазақстанда А. к. тек Шығыс Қазақстан обл-ның жерінде таралған. Ол альпі шалғыңдығында, таудың көлеңкелі, ылғалды жерлерінде, тау аңғарында, өзендердің сағасында, қайың, бал қарағай аралас ормаңды жерлерді мекеңдейді. Дене тұрқы 23 см. Түсі кара көк, жүні қысқа, өте жұмсақ, тығыз, барқыт тәрізді, тұмсығы сүйір болады. Тырнақтары жер қазуға бейім келеді. Денесінің алдыңғы жағы сүйір, конус пішіндес болуы жер астындағы тар індерде жүруін жеңілдетеді. А. к. көбіне жер астында тіршілік етеді, қыс айларында ұйықтамайды. Негізгі қорегі — жауын құрты, әр түрлі ұсақ жәндіктердің дернәсілдері. Көктемде (3 — 5-ке дейін қызыл шақа көртышқан) балалайды, жылына 3 рет түлейді. А. к- ның терісі бағалы. Одан бас киім және тон тігіледі. Зиянкес ұсақжәндіктерді жеп, пайда келтіреді.