АЛТАЙДЫҢ АЛТЫН АДАМЫ

АЛТАЙДЫҢ АЛТЫН АДАМЫ — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 1997 ж. Қазақстанмен шекаралас Алтай өңірінің Локоть аудтерр-нан Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің қызметкері П. Шульга тапты. А. а. а. Есік обасынан табылған Алтын адамға ұқсас, киімі алтын тоғаларға толы. Алтын әшекей бұйымдар саны 1800- ден астам, салмағы 1 кг-ға жуық. Мүрде үстіне жабылған киіз жапқыштардан да алтын қиыршықтары табылды. Археол. зерттеулер бұл адамның б.з.б. 5 — 4 ғ-да өмір сүрген сақ тайпасының өкілі екенін дәлелдеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *