АЛТАЙ ДОЛАНАСЫ (Crataegus altaica) — раушангүлдер тұқымдасына жататын долана туысының бір түрі, тікенсіз аласа ағаш. Қазақстандағы жапырақты, аралас орманды жерлер — Тобыл — Есіл алабында, Көкшетауда, Мұғалжарда, Торғайда, Ұлытауда, Алтайда, Қаратауда, Тарбағатайда, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында өседі. Биікт. 1 — 4 м, өркені тікенді келеді. Жапырағы үш бұрышты жұмыртқа тәрізді, гүлі ақ түсті, қос жынысты болады. Мамыр — маусым айында гүлдейді. Тұқымы — сүйекті, жемісі — жеуге жарамды жидек. Жапырағы мен тамырынан коңыр, сары түсті бояу алынады. Медицинада дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылады.