АЛТАЙ Ебескіұлы

АЛТАЙ Ебескіұлы (18 ғ.) — батыр. Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің кете руынан. Шешесі — Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі — Әлмәмбет батырдың немересі. 1731 ж. қалмақтардың қолына түсіп, екі-үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған. 1738 ж. Құм өз- нің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондуққа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққа қатысқан. Бөкенбай батыр екеуі 2 мың кісілік қолды бастап шыққан. А. қолы Жем өз- нің бастауына бекінген қалмақтарды Жайықтың арғы бетіне қуып тастаған. 1749 ж. жұттан малды аман сақтау үшін елін бастап Жайықтың арғы (оң) бетіне өтуге Ресей әкімшілігінен рұқсат алған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *