Сыншылдық функция — философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті — догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.