АЛТАЕВ Шауқат Әбенұлы (5.1.1927 ж.т., Қостанай обл. Жетіқара ауд. Исабай а.) — ғалым, тех. ғыл. докт. (1973), ироф. (1991), Қазақстан ҒА- ның акад. (1994). Қазақ кен- металлургия ин-тын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1950). 1950 59 ж. Қазақстан ҒА Кен ісі ин-тында аспирант, кіші және аға ғыл. қызметкер, 1959 — 76 ж. Қарағандыдағы Қазақстан ҒА Хим.-металлургия ин-тында, Қарағанды Көмір ғыл,зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1976 — 81 ж. Кен ісі ин-ты директорының орынбасары болды. 1981 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі. А-тың зерттеулері Қазақстан кенін тиімді игеруге бағытталған. Ол Қарағанды шахталарында көмір өндіру құнын арзандататын техника мен технологиясын, сондай-ақ Жезқазған шахталарындағы кен үңгіраралық (камераралық) кентіректердің беріктігін шайырлармен инъекциялау арқылы арттыру тәсілін жасап, өндіріске енгізді. Тау- кен жабдықтарын жасау үшін құрылымдық материалдарды жергілікті шикізаттан алуды негіздеді. А. кентастың өзіндік құнын 2 есе, ал күрделі қаржыны 3 — 4 есеге кемітуге мүмкіндік беретін кен қазудың жаңа бағыты — геотехнологияны Қазақстан кен өнеркәсібінде қолдануға жетекшілік етті. А. бұрын кентіректерде қалдырылып, шығынға кететін кен қорын қайталай қазу арқылы жер асты кен қазбаларын кешенді пайдаланудың ғыл.-тех. негізін салды.