АЛПЫСБАЕВ Хасен 

АЛПЫСБАЕВ Хасен (6.11. 1928, Павлодар обл. Баянауыл ауд. — 30.04.1978, Алматы) ғалым, Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ маман археологтарының бірі. 1945 — 50 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемлун-тінің тарих ф-тінде оқып жүріп А.П. Окладников пен М.Е. Массон басқарған археол. экспедицияларға қатысты. Ун-тті бітірген соң ОңтТүрікмения археол. кешенді экспедицияларына, КСРО ҒА қырғыз бөлімшесінің палеолит отрядына, кейін Солт. Қазақстан, Іле археол. экспедицияларына қатысты. 1957 — 60 ж. Қаратау палеолит отрядын басқарды. Төменгі палеолит дәуірінің адамдары қолымен жасалған тұңғыш құралдар табылған БөріқазанТәңірқазған, т.б. тас дәуірі тұрақтарын ашты. А. өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА Тарих, археол. және этногр. ин-тының археол. бөлімінде қызмет атқарды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *