Жариялау күні: 06.11.2017 |
2017 жылғы 20-21 қараша күндері Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар Форум-фестивалі өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.
Республикалық Форум-фестивалдің мақсаты — «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың бай рухани құндылығын, жасампаз азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республикамыздың барлық өңірлерінен келген әлеуметтік жобалар конкурсының, ғылыми жарыстар, әлеуметтік жобалар, республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулардың 320 шығармашыл жеңімпаз-балалар қатысады.
Форум-фестивалге қатысушы балалар үшін пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады, онда балалар пікір алмасу алаңдарында сөз сөйлеп, республикамыздағы балалар қозғалысын жандандыру мен ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін, сондай-ақ балалар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, балалардың шешім қабылдауға қатысуындағы құқықығын іске асыру бойынша мәселелер талқыланатын болады.
Форум-фестивалге қатысушы балалар Астананың көрнекі жерлерін аралайды.
Форум-фестиваль жұмысы Форум-фестивалге қатысушы балалар өнер көрсететін гала-концертпен аяқталады.
Форум-фестивалдің қорытындысы бойынша балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.