АЛОГИЗМ

АЛОГИЗМ — (грек. а — бей және logos — ақыл) — 1) таным процесіндегі логиканың рөлін теріске шығаратын, логикалыққа қарсылықты білдіретін термин; 2) ғыл. дәлелдерді мойындамай, ескермей, таным құралы ретінде сезімді, интуицияны дәріптейтін ағым. Философия саласындағы А. ағымының көрнекті өкілдері ретінде Қожа Ахмет Иасауи, А.Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон, Ф. Шиллер, Н. Лосский, т.б. атауға болады. Ал мағыналық жағынан паралогизм (кері ойлау) ұғымына жақын. Таным процесіндегі және ойды әсерлі жеткізу құралы ретіндегі бұл әдіс Шығыс филос-сында жиі қолданылған; 3) көркем әдебиеттегі біріне-бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама-қарсы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл. Мыс., Мағжан “Тірілдім” деген өлеңінде: “Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем. Өліп едім, бүгін тағы тірілдім”, — дейді. Осы өлеңінің аяғында тағы: “Өлген жерден бүгін мәңгі тірілдім”, — деп қайталайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *