АЛМҰРТ, н ә к (Pyrus)

АЛМҰРТ, н ә к (Pyrus) — раушангүлділер тұқымдасының бір туысы, жеміс ағашы. Дүние жүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда к ә д і м г і А . немесе о р м а н А-ы (P.communis), Р е гель А-ы (P.regelii), құлж а А-ы немесе к е ш п і се т і н А. (P.serotina) деген түрлері бар. А. көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биікт. 10 — 12 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салм. 20 — 300 г-дай. А. отырғызылғаннан кейін 4 — 5 жылда жеміс бере бастайды, 40 — 50 жылдай өседі. Мәдени сорттарын ұластыру арқылы өсіреді. Қазақстанда 14 сорты аудандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті А., деген сорттары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Оңт. Қазақстан, Қызылорда обл-тарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. А. бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80 — 84,3% су, 10 — 13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1 — 0,6% қышқыл, илік және 0,4% азотты заттар, В, С витаминдері, каротин болады. Одан тосап, шарап, т.б. сусындар дайындалады. А-тың негізгі зиянкестері мен аурулары — бүрге шіркейі, А. биті, А. көк көбелегі, тазқотыр, т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *