АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ИНСТИТУТЫ (АХЖИ)

АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ИНСТИТУТЫ (АХЖИ) — жоғары білім беретін мемлекеттік емес оқу орны. АХЖИ 1992 жылдың тамыз айында ашылған. 

Оқу сырттай және күндізгі бөлімдерде жүргізіледі. Халықаралық журналистика, дипломат. қызмет және аудармашы мамандықтары бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Оқу мерзімі — 4 жыл. Араб, түрік, парсы, корей, қытай, жапон, ағылшын тілдері тереңдетіле оқытылады. Студенттер респ-ның белгілі бұқаралық ақпарат мекемелерінде, баспаларда, шетел елшіліктерінде, өкілдіктері мен мәдени орталықтарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Ин-ттың Қазақстан бойынша Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент және Орал қ-ларында бөлімшелері бар. Түркия, Иран және Оңт. Корея білім орталықтарымен жасалған арнайы келісімшарттар бойынша өзара студенттер алмасу тәжірибеге енгізілген. Ин-тта компьютерлік оқу орталығы жұмыс істейді. Онда оқулықтар мен әдістемелік құралдар, ғыл. журнал, “ Қазақ үні” газеті шығарылады. Ин- тта 85 оқытушы дәріс береді. Оның 11-і проф., ғылым докт., 17-сі ғыл. канд., доцент және аға оқытушылар. 500-ден астам студент оқиды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *