Шетелде тегін білім алудың қандай мүмкіндіктері бар

“Болашақ” бағдарламасынан бөлек, қазақстандықтардың шетелде тегін білім алуына мүмкіндіктер жасалған. Қандай елдер Қазақстан жастарына грант бөледі, қай уақытта конкурс басталады және қандай талаптары бар? Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті жауап берді.

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Білу маңызды” хабарында Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті Зульфия Төребекова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда “Болашақ” бағдарламасынан бөлек шетелде тегін білім алуға көмектесетін мүмкіндіктер бар. Жыл сайын шетелдің 15 университеті арнайы гранттар бөліп отырады.

Ең көп грант бөлетін елдер қатарында: Мажарстан -210 грант, Ресей – 400-500 грант, Қытай – 100 грант, Польша, Литва, Беларуссия және Орта Азиядағы көршілес мемелекеттер.

“Болашақ” бағдарламасындағы өзгерістер

Осы уақытқа дейін “Болашақ” стипендиясымен әлемнің 35 еліндегі 175 университетте 12 мың 500 қазақстандық білім алған. Қазіргі уақытта 1258 стипендиат білім алып жатыр.

Инжинер-техникалық мамандықтар үшін IELTS деңгейі – 5,0. Басқа санаттағы мамандықтар үшін – 5,5.

“Болашақ” бағдарламасынын тыс шетелдік университетке оқуға түскен азаматтар да мемлекеттік бағдарлама арқылы тегін оқуға өтініш тастай алады. Биылғы өзгерістер бойынша, шетел ЖОО-на өз бетімен түскен азаматтарға дипломының орташа балына қойылатын талап – GPA – 3,3-тен 3,0- ге түсті.

2017 жылдың 7 желтоқсанында республикалық комиссияның шешімімен “Болашақ” бағдарламасының 2028 жылға дейінгі даму жоспары қабылданды. Осы жоспарда еңбекпен өтеуге байланысты біраз өзгерістер енді. Білім саласында өңірлерде, аудан, ауылдық жерлерде жұмыс істеу мерзімі – 2 жыл, облыс орталығында – 3 жыл, Астана, Алматы қалаларында – 5 жыл,

“Болашақ” бағдарламасынан тыс шетелде білім алу туралы

Жыл сайын орталық арқылы оқуға жіберілетін университеттер тізімі құрылады. Былтыр жалпы көрсеткіш бойынша әлемнің топ-70 және пәндік көрсеткіш бойынша топ-20 университет тізімі құрылады. Ал, биыл сол тізімге біраз өзгеріс енді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция елдерінің пәндік рейтингіндегі топ-10 үздік университет таңдалып, қосылды.

Қазақстандықтарға Германия, Франция, Норвегия, Нидерландия елдерінде тегін жоғары білім алу қарастырылған.

Жыл сайын Германияның DAD, Францияның Campus France ұйымы, Түркия, Венгрия елдерінін стипендиялық бағдарламалары қазақстандық азаматтарға грант бөліп келеді.

Қазіргі уақытта Венгрияда оқуға құжат қабылдаау басталды.

Егер азамат қазақстандық ЖОО-да оқып жатып, шетелдік университетте оқығысы келсе ағымдағы семестрдегі оқу үлгерімі арқылы конкурсқа қатыса алады. Оның Қазақстандық ЖОО-дағы мемлекеттік грантының сақталуына кепілдік берілмейді. Құжаттарды Халықаралық бағдарлмалар орталығы қабылдайды.

Тіл білетін азамат конкурста басымдыққа ие болуы мүмкін, Дегенмен міндетті емес. Мысалы, Венгрияда оқимын деген азамат венгр тілін білуі міндетті емес, дәл солай Қытайда оқығысы келетіндерге қытай тілін білу міндетті емес. Шетелде оқуға түскендерге 1 жыл тілдік дайындық курстар болады.

Өтініш тастаушы бакалавр, магистратура және доктарантурада оқи алады.

Оқу біткеннен 2 аптадан кейін азамат елге қайту керек. Шетелдек грантта оқу бітірген азамат Қазақстанда еңбекпен өтеуі шарт. Биылғы өзгерістер бойынша, өңірлерде -3 жыл, ал, Астана, Алматы қаласында– 5 жыл мерзім жұмыс істеу міндеттелді.

Халықаралық бағдарламалар орталығы “Әлем Білім” – Біртұтас ақпараттық білім беру ресурсын іске қосқан.

Айта кетейік, 20-25 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында халықаралық білім көрмесі өтеді. Онда шетелде білім алудың мүмкіндіктері туралы айтылады.

Халықаралық бағдарламалар орталығы – тегін оқу мүмкіндіктері, стипендиялар туралы ақпаратты Қазақстанға таратушы негізгі орталық. Білім саласындағы халықаралық білім беру бағдарламалардың бәрін осы орталыққа хабарласу арқылы немесе сайтынан білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *