АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ — Алматы технологиялық ин-тының жанынан 1996 ж. құрылған мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Ин- ттың күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 1,5 мыңнан астам студент: нан, макарон өнімдері мен тәтті тағамдар технол-сы, ашыту өндіріс технол-сы мен шарап жасау, ет және ет өнімдері технол-сы, сүт және сүт өнімдері технол- сы, тамақтандыру технол-сы және оны ұйымдастыру, тігін бұйымдары технол-сы, тігін бұйымдарын құрастыру, дизайн бойынша мамандандыру, құқық және экон. негіздері, маркетинг және коммерция, қаржы және несие (банк ісі, салық және салық салу, мемл. бюджет), бухгалтерлік есеп және аудит, тамақ өндірісі кәсіпорындарының экон. мен менеджменті, халықар. экон. қатынастар (сыртқы экон. қатынас, халықар. валюта, ақша-финанс қатынасы), әлеум. мәдени сервис және туризм, тамақ өнімдерін стандарттау және сертификаттау, кеден ісі мамандықтары бойынша білім алады (1998). Оқу ғимараты, компьютер сыныптары, лабораториялар, тігін шеберханалары, кітапхана, дәмхана, спорт залы бар. Студенттердің оқу және өндірістік практикасы оқу-тәжірибе шаруашылықтарында, акцион. қоғамдар мен корпорацияларда өткізіледі.