АЛМАТЫ ОКРУГІ

АЛМАТЫ ОКРУГІ — әкімшілік-территориялық бөлік. 1928 ж. 3 қыркүйекте құрылды. Құрамында 21 аудан (Лепсі, Талғар, Шелек, Жаркент, Қарғалы, Сүгеті, Балқаш, Алтын Емел, Қордай, Іле, Қаратал, Қоңырөлең, Қарқара, Шоқпар, Бәрібаев, Бүйен Ақсу, Сарқант, Герасимов, Шу, Қастек және Алакөл) болды. Қырғыз АКСР-і, Сырдария, Қарқаралы, Семей округгері аралығындағы 280 мың кмжерге орналасты. Құрамында 14 мың 559 елді мекен (оның ішінде 2 қала: Алматы, Жаркент) болды (1926 ж. санақ бойынша). Тұрғындарының саны 824229 адам болды, оның 7,3%-і қала тұрғындарын құрады. 1928 ж. аяғында округге 33 өнеркәсіп орны жұмыс істеді. Аудан саны мен аттары бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. А. о. 1930 ж. 17 желтоқсанда таратылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *