АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ — Алматы обл-ның тарихы туралы құжаттар жинақталған арнаулы ғылыми-анықтамалық мекеме. 1921 ж. ұйымдастырылған. Алғашында Жетісу обл. архиві, 1924 ж. Жетісу губ. архиві, 1928 ж. Алматы окр. архиві, 1928—33 ж. Қаз. АКСР-і Орт. архивінің құрамында, ал 1934 ж. қаңтар айынан қазіргі атымен аталып келеді. Архивте Алматы обл- на қарасты мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, 1924 жылға дейінгі Қырғыз Респ- сына, бұрынғы Талдықорған обл. тарихына байланысты құжаттар топтастырылған. Азамат соғысы, 1921 — 22 ж. жер-су реформасын іске асыру, қазақтарға патша үкіметі тартып алған жерлерін қайтарып беру, 1924 — 25 ж. Орта Азия Республикаларын ұлттық-терр. жағынан межелеу, көшпелі қазақ қоғамын отырықшыландыру, күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық ретінде болған толқулар туралы деректер сақталған. Алғашқы бесжылдықтар дәуірінде өнеркәсіп пен а.ш- н қайта құру, 1941 — 45 ж. облыс х. ш-н соғыс мүддесіне бейімдеу, соғыстан кейінгі қалпына келтіру, шөл шөлейт өңірлерді игеру туралы, өнеркәсіп, көлік, энергетика, мәдениет, халық ағарту салаларының дамуын жан-жақты бейнелейтін құжаттар шоғырланған. Архивтің Қапшағайда, Ұзынағашта, Талдықорғаңда, Жансүгіровте бөлімшелері, 11 аудандық, қалалық архивтер бар. Архив құжаттары өлке тарихын зерттеуге елеулі мүмкіндік береді. 1981 ж. оның құрамынан Алматы қ. мемл. архиві бөлініп шықты. Құжаттар хронологиясы 1917 жылдан басталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *