ТАХИСТОСКОП (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады