АЛМАТЫ МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ, П.И. Чайковский атынд.

АЛМАТЫ МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ, П.И. Чайковский атынд. — арнаулы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1932 ж. муз.-драма театры болып ашылды. Тұңғыш директоры жазушы Сағыр Камалов, орынбасары Ахмет Қуанұлы Жұбанов болды. 1938 ж. мамырда Қазақ КСР халық комиссарлары Кеңесінің қаулысымен орта кәсіптік кадрлар даярлайтын арнаулы музыка уч-щесі болып қайта құрылды. 1941 ж. муз.-хореогр. комбинат құрамына енді. 1951 жылдан колледж болды. Оқу мерзімі — 4 жыл. Өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқуға болады. 10 мамандық бойынша: фортепьяно, шекті, үнді және соқпа аспаптар, ән, хор дирижері, музыка теориясы, эстрада өнері бойынша кадрлар даярлайды. КСРО халық артистері: Ришад жөне Мүсілім Абдуллиндер, Ғ. Дұғашев, Қ. Қожамьяров, Қ. Мусин, Ш. Бейсекова, Б. Досымжанов, т.б. осы оқу орнының түлектері. 1996 ж. уч- ще 57 рет өз түлектерін ұшырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *