АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ — экономикалық және политехникалық білім беретін мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. Бұрынғы Алматы политехникумының (1942) негізінде 1996 ж. ҚР Үкіметінің қаулысымен қайта құрылды. Колледж: нан пісіру, макарон, кондитерлік өндірісі; астық сақтау және өңдеу технологиясы; биохим. өндірісі; коммерция саласы; іс жүргізу және архивтану; өндірістегі тексеру; бух. есеп және экон. мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Колледждің оқу-материалдық базасы, оқу-лабораториялық ғимараты, наубайхана, орггехника шеберханасы және Қапшағайда демалыс орны бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *