ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ

ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ-индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы  нұсқауда көрсетілген логикалық таптастыру,ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды  анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *