АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ (АлМУ)

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ (АлМУ) — Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік жоғары оқу орны. 1928 ж. Қазақ мемлекеттік университеті болып ашылған. Алғашқыда тіл-мәдениет, физ.-мат., жаратылыстану ф-ттері ұйымдастырылды. Оқу орнының 1 -ректоры көрнекті қоғам кайраткері, проф. С.Ж. Аспандияров болды. Алғашқы оқу жылында 124 студент оқыды. 9 оқытушы қызмет істеді. 1930 ж. Қазак пед. ин-ты болып өзгерді. 1935 ж. оған Абай есімі берілді. Тұңғыш жоғары оқу орнының қалыптасуына А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, С. Аспандияров, М. Әуезов, С. Мұқанов, К, Жұбанов сияқты көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері үлес қосты. 

1990 ж. оқу орны Қазақ мемл. пед. ун-ті болып аталды. 1992 ж. Алматы мемл. ун-ті болып өзгеріп, “классикалық ун-т” дәрежесін алды. Ун-тте (1998 ж.) жаратылыстану, геогр,- экол., тарих, қазақ филол-сы, орыс филол-сы, халықар. қатынастар, бейнелеу-қолданбалы өнер, әлеум. адаптация және емдік-пед. коррекция, физика, информатика-матем., заң, қаржы-экон., бастауыш мектеп пед-сы мен әдістемесі ф-ттері, сырттай оқу бөлімі, магистратура, аспирантура, докторантура бар. 1997 — 98 оқу жылында ун-тте 13 мың студент оқыды. 1492оқытушы қызмет істеді, 32 акад., мүше-корреспондент, 172 ғылым докторы, проф., 540 ғылым кандидаты сабақ береді. 467 аспирант, 21 докторант оқиды. Ун-тте канд. және докт. дисс. қорғайтын 11 ғыл. кеңес жұмыс істейді. Ун-т респ-дағы оқу-әдістемелік жұмыстың орталығы саналады. Оқу орны мамандарының күшімен жоғары білім берудің мемл. стандарты, типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары жасалды. Ун-т дәрежесін алғаннан кейінгі кезеңде әлемнің 36 оқу орнымен халықар. байланыс жасады. Жапония, Германия, Оңт. Корея, Египет, т.б. елдер оқу орындарымен ғыл. мамандар мен студенттер тәжірибе алмасып тұрады. 1997 — 98 оқу жылында Алматы мемл. ун-тінде (АлМУ-де) әлемнің 23 елінен 150 студент білім алды. 1998 жылдан бастап “Ун-т хабаршысы” шығарылады. Ун-тте 7 оқу ғимараты, 8 жатақхана, спорт кешені, Абай мұражайы, 640 мың қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, О. Жәутіков, Н.С. Смирнова, С. Аманжолов, М. Қаратаев, С. Толыбеков, С. Қирабаев, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев сияқты респ-ға белгілі ғалымдар мен жазушылар осы ун-т түлектері. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *