Тарихи дерекітерді сыныптау проблемасы

 

1.Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары.

2.Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы.

3.Тарихи деректер эволюциясы. Әлем тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректер дамуының тенденциялары.

 

Типтiк жiктелудiң тарихи деректерді турлiк жiктелуден айырмашылығы ол деректердiн. мазмуны мен формасының сайкестiк пpинципiне негiзделген. Тип акпаратты салу жане сақтау тәсiлдерiмен ерекшеленген деректердi бipiктiредi. Негiзiнен деректердiң жетi типiн айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялык, фольклорлық, лингвистикалық, фотокино­құжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай жiктеу дерекке тән ерекше белгiлерiн (пайда болу, мазмуны, формасы) eскереді, дегенмен бұл шартты жiктеу. Өйткенi, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргi кезде, көп жағдайда жазба түрiнде таралған, ал этнографиялық деректер — заттай ескерткiштер немесе кинофотоқұжаттар турiнде берiледi. Сондықтан бұлардың арасьшда айкын аралық жоқ.

Осындай ерекшелiктерiн ескере келе 1981 жылы ИД.Коваль­ченконың басшылығымен шыққан «Источниковедение истории СССР» оқұлығын әлеуметтiк акпараттарды бекту формасына карап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба жане фоноқұжаттар.

Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сырткы ерекшелiктерiне карай үлкен типтiк топтар класына, оньщ iшiнде шағын топтарға бөлуге болады:

  • заттай деректер — археологиялык ескерткiштерден бастап казiргi машиналар мен техникаға дейiн;
  • көркем сүрет деректері — сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлык туындылары;
  • сөздiк деректер — күнделiктi сөйлеу мәнерiнен бастап халыктың ауызша шығармашылық ескерткiштерi толығымен;
  • жазба деректер — этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетiн жазба ескерткiштерiнiң бәрi;
  • дыбысты деректер – сөзсiз немесе сөзбен бiрге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
  • салттық деректер — тұрмыста, мiнез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғvрыптар.

ХХ ғасыр ақпарат дәуірі боп саналады. Ғаламдасу мен ұлттық дамудың үйлесімді жарасымын талап етіп отырған жаңа технологиялар ғасыры алдымызға тың жобалармен жұмыс істеу міндетін қойып отыр. Жаңа дәуірдің келуімен тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды. Ол – электрондық деректер.  Электрондық деректер дәстүрлі деректерден (яғни қағаз жүзіндегі деректерден) шамамен кинофотофоноқұжаттар сияқты ерекшеленеді.

Тарихшылардың Интернетті игеруі соңғы жылдары ғана басталды және өз дамуында бірнеше жүйелі кезеңнен өтті:

— қорлардың сандық өсуі;

— қорларды құру процесіне кәсіби тарихшыларды тарту;

-осы процестерге байланысты туындаған мәселелерге теоретикалық мағына беру.

Бүгінде Интернет жүйесінде орналасқан әр түрлі деректер зерттеу айналымына көптеп тартылуда, алайда электрондық деректерді деректанулық талдау мәселесінің жеткіліксіздігі, деректанулық сипаттауының жоқтығы олардың оқу процесі мен зерттеулерде қолданылуын күрделендіреді. Сонымен бірге Интернет деректерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл осы тәріздес қорлармен жұмыс істеудің жаңа принциптерін әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

Интернет жүйесінің қорларын талдау электрондық тарихи деректердің екі негізгі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

— электрондық құжаттардың дәстүрлі жазба деректермен ұқсастығы;

— тарихи деректерді жеке электрондық деректер ретінде орналастыруға мамандандырылған web-сайт.

Бірінші топ Интернет жүйесінде орналасқан баспа басылымдарының электрондық түрлерін, сандық деректерді және басқа да жеке құжаттарды біріктіреді.

Екінші топ жеке тарихи деректер ретінде қарастыруға болатын web-сайттан тұрады. Бұл жағдайда электрондық дерек құрылымы күрделенеді, авторлық мәселесі туындап, деректанулық сипаттау ерекше маңызға ие болады.

Жоғарыда айтылған тарихи дерек ретінде Интернет қорларын сипаттаудың алуан түрі ұсынылады. 

Жеке электрондық құжатты сипаттау кестесі мыналардан тұрады: құжаттың атауы, авторлар, мерзімі, қысқаша мәлімет, құжат форматы, баспа нұсқасының болуы, құжат орналасқан сайтты көрсету, осы құжат орналасқан басқа сайтты көрсету.

Берілген сипаттаудағы алдыңғы үш позиция (атауы, авторды анықтау және деректің мерзімі) деректанулық талдауда дәстүрлі болып табылады және ерекше түсініктемені қажет етпейді. Қалған сипаттау позициялары электрондық деректердің ерекшелігімен сәйкестендіріледі және Интернет жүйесінің тұтынушыларына зерттеу және ғылыми тәжірибеде қорды тиімді пайдалануға бағытталған.

Қысқаша мәлімет қор сипаты мен мазмұны туралы алдын ала ақпарат береді, сонымен қатар деректанулық сипаттаудың субъективтік позициясы болып табылады. Жеке құжаттың аңдатпа кестесі Интернет жүйесінде тарихнама материалдарын сипаттауда да қолданылады.

 Интернет-қорлардың келесі сипаттау позициясы – құжаттың форматын көрсету (zip, word, html). Сипаттаудың маңызды белгісі –  материалдың баспа нұсқасының барын көрсету. Бұл жағдай көрсетілген материалдың сенімділігін күшейтеді және қажеттілік туындағанда ұқсас баспа нұсқасын іздеуді жеңілдетеді. Сонымен бірге ғылыми ортада көп жағдайда web-сайтқа қарағанда баспада басылған материалға жасалған сілтемеге көп сенім артады.

Қазіргі кезде web-сайттың үнемі жаңарып отыруына байланысты жүйе жағдайының ерекшелігі онда орналасқан қорлардан үзінді алуды қиындатады. Сондықтан Интернет қорын сипаттауда материалдыңбаспа нұсқасының барекенін көрсету аса қажет. Осы мәселелерді шешу үшін сипаттаудың ең соңғы позициясы – сол материалды таба алатын балама адресі ұсынылады.     

Тарихи деректерді жеке электрондық деректер ретінде орналастыруға мамандандырылған web-сайттың сипаттау кестесі қордың авторы, мерзімі, материалдың тақырыбы бойынша қордың сипаты, қордың түрі, ақпараттың түрі, қысқаша мәлімет, Интернет жүйесіндегі орны сияқты позицияларды құрайды. Қор сипатын материал тақырыбы бойынша белгілеу монотематикалық және политематикалық сайттарды бөліп көрсетуді ұсынады. Қорлардың түрі (ғылыми, ғылыми-көпшілік, ойын-сауық) берілген қордың сенімділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені бүгінгі таңда Интернет жүйесіндегі тарихи мәселе бойынша арнаулы сайттардың көбі әуесқойлық болып келеді, ал кәсіби ғылыми сайттармен салыстырғанда олармен жұмыс істеу тыңғылықты деректанулық сынды талап етеді. Сайттағы ақпараттар түрінің (тақырыптық, графикалық, аудио-, бейнеақпараттық) көрсетілуі әр ақпарат түрінің деректанулық талдау әдістерін, зерттеу және білім тәжірибесінде олардың қолдану мүмкіндіктерін белгілейді. Сайттағы қысқаша мәлімет сайтта берілген материалдарды алғашқы тақырыптық жіктеуді, олардың ерекшелігін көрсетуді қамтуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген Интернет қорларын тарихи дерек ретінде сипаттау кестесі түзету мен нақтылауды қажет етеді.

Интернетті ғылыми мақсатта қолдану үшін үш бағыт белгіленеді: электрондық пошта, телеконференция, жүйенің ақпараттық қорын пайдалану /1/.

Электронды пошта – желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электронды пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар қашықтыққа қарамай, бір-біріне электрондық жолдау жібере алады.

Телеконференциялардың электрондық поштадан айырмашылығы –мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына жолдайды. Әр түрлі мәліметтерді талқылау кезінде конференцияға қатысушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа арналады және оның өзіндік адресі болады, мұнда қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді – өте ауқымды тақырыптан тек бір ғана сұраққа дейін қамтылады.

WWW(world wide web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі. Мәліметтер блоктары (web-парақта) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі www-сервер немесе web-сервер деп аталатын жеке компьютерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен-біріне ауыса береді. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – HTTP арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML тілі көмегімен құрастырылады. Бірқатар ресейлік тарихшылар В.Н.Владимиров, Н.Н.Силин, Е.В.Злобин, Е.В. Боброва және т.б. деректанулық зерттеу жүргізуде бүкіләлемдік өрмек ұсынатын мәліметтерді қолданудың келешегі барын айтады.

Тарихи зерттеулерде Интернетті қолдану ерекшеліктерін зерттеу ісінде орыс ғалымдары түпкілікті негіз қалады. Е.В.Злобиннің еңбегінде Интернеттің деректанулық мәселелеріне жеке бөлім арналған /2/. Әсіресе, бізге маңыздысы – басқа машина оқитын құжаттардан белгілі бір өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылатын алғаш рет тұжырымдалған «желілі машина оқитын құжат» /3/. Желілі құжаттардың осындай ерекшеліктеріне құжаттарды жеткізуші тұтынушыдан қашықтықта болуын және бірнеше зерттеушілердің бір дерекпен бір мезгілде жұмыс істеу мүмкіндігін жатқызады.

Е.В.Боброва электронды құжат туралы мынадай балама анықтама береді: Электрондық құжат – электронды есептегіш техника құралдары арқылы пайда болған құжат /4/. Боброва Интернет жүйесіне енгізу үшін электронды-есептегіш техника құралдары көмегімен Интернет-құжаттар класын бөліп көрсетеді. Онда Интернет бір-бірімен байланысқан және TCP/IР аpқылы өзара әсер ететін жүйе жиынтығын құрайды.

Жоғарыда келтірілген анықтамалардан байқағанымыз: авторлар желілі құжат анықтамасын бергенде, екі жақтан қарастырады. Е.В.Злобин тұтынушы ретінде желілі құжаттардың ерекшілігіне қарайды, ал Е.В. Боброва автор ретінде Интернет-құжаттың құрылуы мен міндетінің ерекшеліктеріне назар аударады.

Екі автор да ең бастысын, мәселенің деректанулық аспектін назардан тыс қалдырады. Желілі құжат тұтынушы компьютерінде уақытша файл түрінде ғана көрсетілген. Оны сақтау және тарихи дерекке айналдыру – тарихшы ғалымның жұмысы.

 

Әдебиеттер:

  1. Бекмаханов Е. XIX ғ. 20-40-жьлдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
  2. Сыздьқова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.

3.Қозыбаев М.Ғұмырнама   жанрын   зерттеу   мәселелері //Қазақ тарихы 1997, N4.

4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

5.Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

6.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі — Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.     7. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди.А.,1999

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *