Сақтар-көшпенділер. Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын
сақтар-қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша- б з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер»немесе «азия- лык скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған. Адамзат тарихында алғаш жазылған қадым заман кітаптарынын бірі «Авестада» сақтар мен олардың мекенін «Тұр» деп атаған. Фирдоусидің әлемге әйгілі эпопеясы «Шахнамада» сақтар елін «Туран» деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын «Тукиу» дейтін болған.
Көшпелі сақтар Евксин (Қари теңіз) мен Азов теңізі аралығында жатқан ұлан-ғайыр өлкені де бұдан үш мыңжылдай бұрын мекен еткен екен. Бұл туралы көне грек тарихшысы Геродот жазып қалдырған мол деректер бар.«Шахнамада» сақтар елін «Туран» деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын «Тукиу» дейтін болған.
Біздің заманымыздан бұрынғы IX-III ғасырлар аралығында сақтардың этникалық құрамын қалыптастырған көптеген тайпалар болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Олар: кемерлер, массагеттер, асылар, дахтар, т. б. тайпалар.
Сақтардың Еуропаға қоныс аударған алғашқы легін тарихта «кемерлер» немесе «кемерліктер» деп атап кеткен. Өйткені олар біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда-ақ Қара теңіз жағалауын, яғни теңіз «кемерін» өздеріне мекен еткен. Еуропаға алғаш көшіп барған сақтардың осы тобы Қара теңіз бен Азов теңізі аралығында көшіп-қонып жүріп, мал бағумен айналысқан көшпенділер болған.
Бір қызығы- Қара теңіз жағалауында, яғни теңіз кемерінде тұрған сақтарды кезінде «кемерліктер» (орысша «Киммерийцы») дейтінін біз жоғарыда айттьқ. Ежелгі Эллада елінің ұлы ақыны Гомер өзінің «Одиссея» деп аталатын эпопеясында осы кемерліктер, яғни теңіз жағалауында тұратын сақтар туралы зор шабытпен жырлайды:
Біз ақыры терен, мұхитқа жеттік,
Қалың тұмандар арасынан өттік.
Жағалауда кемерліктер тұрады екен,
Күн шұғылалыГелиосқа қарай кеттік.
(Гомер. Одиссея. II жыр)
Шырақ батыр. Парсы елінің патшасы Дарий I 700 мың нөкері бар батыр калың қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ол кезде мұншалықты көп әскерді көз көріп, құлақ естімеген екен.
Міне, «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйіңде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн (б. з.б. II ғасыр)еді. Ол өзінің«Соғыс тактикасы» деп аталатын кітабында Шырақ батырдың ерлігін осы дастан бойынша жазып отырғанын айтады.
«Шырақ» дастанының сюжеті темендегідей оқиғалардан басталады. Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақтар еліне жақындап келеді. Елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сақ әміршілері Омарг, Саксфар, Оамирис жауға қарсы қалай күрес жүргізуді өзара талқылып жатыр еді.
«Алып Ер Тоңға» дастаны
«Алып Ер Тоңға» — түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сөйкес емірге келген қаһармандық жыр.
Бүгінгі күнге дейін «Алып Ер Тоңға» дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бұл дастанның сюжеттік жслісі, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы — Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға — аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтарәскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді.
Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда«күшті», «батыр», «каһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. «Алып» — сақтар мен ғүндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған. Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына «алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. «Алып Ер Тоңға — түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы, оны парсылар Афрасиаб деп те атаған».
Бұл дастандағы батырдың есіміне қосып отырған «ер» сөзі ежелден-ақ «батыр», «каһарман», «жаужүрек» деген ұғымдарды білдіретінін аңғару қиын емес. Сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталғаны, бертін келе қазақтар да ез батырларына«ер» сөзін қосыпайтқаны жақсы мәлім. Мәселен, «Ер Тарғын», «ЕрҚосай», «Ер Көкше», «ЕрСайын», т. б. батырлар есімі бұл сөзізге дәлел.алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. «Алып Ер Тоңға — түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы, оны парсылар Афрасиаб деп те атаған».
Кезінде Тұран мен Иран елдері арасында болған соғыстарда Алып ЕрТоңға сан рет Тұран әскерін басқарып, талай мәрте ғажайып жеңістерге жеткен. Бұл жайында Фирдоуси өзінің әйгілі «Шахнамасында» кеңінен толғайды. Тұран елінің батыры Алып ЕрТоңғаны ұлы шайыр өз дастанында Афрасиаб деп атаған. Көне парсы тілінде «Афрасиаб» сөзі «дүлей қара күш иесі» деген мағына береді.
Біз «Алып Ер Тоңға» дастанының көне тарихи шежірелерде сақталған жұрнақтарын да, Фирдоуси өзінің «Шахнамасында» пайдаланған жеке-жеке үзінділерін де, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабындағы Алып Ер Тоңғаға қатысты бейіттерін де, кейінгі кездегі зерттеулерде мысал ретінде келтірілген жеке жыр шумақтарын да жинақтау арқылы осы дастанның жалпы сюжеттік желісін айқындай түсуге әрекет жасадық.
«Алып Ер Тоңға» дастанының мүлдем ұмытыла бастаған конструкциясын белгілі бір дәрежеде айқындап алуға Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғ-ат түрік» Жүсіп Баласұғының «Құтты білік», Рашид-дин Фазлалахтың «Маджма тауарих» («Тарихи жинақ»), Әбу Райхан әл-Бирунидің «Сувар-и-акалим» сияқты орта ғасырда жазылған еңбектерінің пайдасы тиді.
Сондай-ақ «Алып Ер Тоңға» дастаны жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бұл салада жемісті еңбек еткен Түркия елінің Б.Аталай, Р.Арат, И. Ертайлан, Ф. Көпрулузаде, Н.Банарлы сияқты әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдарының еңбектері де көмектесті.
Сонымен, «Алып Ер Тоңға» дастанында айтылатын жоқтау салты араға мыңдаған жылдар салып барып, қазақтың батырлық жырларында, қазақ ақын-жырауларының толғау-өлеңдерінде өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.
Алып Ер Тоңғаны жоқтау (үзінді)
Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар…
Бектер аты болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер
Бөрідей жұрт ұлысып,
Айқайын жаға жыртысып,
Өкірген шнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды,
Жазылған жарар жаңғарды.
Көшкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізділер
«Шу» дастаны
«Шу» дастаны — қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы.
«Шу» дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрынғы төрт мыңыншы жылдың орта кезінде сақтар даласында болған кейбір тарихи оқиғаларға назар аударғанымыз жөн сияқты. Ол үшін алдымен сақтар тарихынан мол дерек беретін Берел қорымынан табылған археологиялық олжалар туралы бірер сөз айта кетейік.
Сақтар мен ғұндар дәуірінің ат әбзелдерін,онда бейнеленген мифологиялық құстар мен аңдардың бедерлі бейнелерін көрген соң ғана «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Аттила» дастандарының біздің заманымызға жетпей қалған немесе түсініксіз болып келген кейбір оқиғаларды айқындап алуға мүмкіндік туып отыр.Көне дәуірді зерттеп жүрген тарихшылардың айтуыа қарағанда,біз сөз етіп отырған сақтар мен ғұндар дәуірінде ежелгі гректерде де,парсылар да,,қытайлар да ертұрман дегенді мүлдем білмеген.Сақтар мен ғұндардың жоғарыда аталған батырлық жырларында батырдың мінген аты ерекше киелі қасиеті бар,құдіретті күш иесі ретінде бейнеленген.Сақтардың сенімі Қытай жазбалары арқылы жеткеен мәлеметтер бойыншы,сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен. «Шу» дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрын төрт мыңыншы жылдың орта кезінде қазіргі Қазақстан жерінің Шу өзені маңайында болған кейбір оқиғаларды білген жөн.Әлемдік әдебиетттер тарихында түрлі аңыздарды өзінің сюжеттік желісіне арқау етіп алған дастандарды ұзақ жылдар бойы зеттеген ғалым Н.С.Банарлы түрік дастандары негізінен тарихта орын алған маңызды оқиғалардан елес беретінін ескертеді.
Аса даңқты түрік билеушісі,есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшысы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені мәлім.Ал сақтар-қазіргі Орта Азия ,Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін біздің жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі.Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырды.Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Әмудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде: «Тьяй-пара-дарая» (яғни теңіздің арғы жағындығылар) деп атаған.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:
- Сақтар қай жерді мекен еткен?
- «Алып Ер Тоңға» дастанының сюжеті не ?
- «Дүлей қара күш иесі» деген мағына нені білдіреді?
- Алып Ер Тоңғаның түркі халқы тарихындағы рөлі жоқтауда қалай көрінеді?
- «Алып Ер Тоңға» ,«Шу», «Аттила» дастандарының түсініксіз болып келген кейбір оқиғаларды айқындап алуға мүмкіндік неден туып отыр?
Әдебиеттер:
- Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.
- Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»
- Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.
- Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.
- Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.
- Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.
- Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991
- Өтенияз «Атилла» А; – 2000 ж.
- Өміралиев Қ. «Оғыз-қоғам эпостың тілі» А; – 1988 ж.
- Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.
- Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.
- Ақыжанов М. «Қазақтың тегі туралы» А – 1962 ж.