Мақсаты: КСРОның ыдрауынан кейінгі кеңестік саясаттанған экономиканың дағдарысымен 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістердің ел экономикасын қиын жағдайға ұрындыруының саяси және экономикалық заңдылықтарынан туындайтын себеперін ашу.
Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.
Қазақстанның экономикалық саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын мәселе, ол — өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған ¥лы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады.
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді.