Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстардың жай-үйі сипатталады.
Ірі ру-тайпалардың саяси жағдайларға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді үлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық оолғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері ез тілдерінен айырьілып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, ЭДет-ғүрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен Расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосыҒан м°Ңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижеДе қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.
Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының қүра-мына кірген.
ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық — шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы — Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы — Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы — Батыс Қазақстанда болды.
¥лы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жай-лайды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқы-лы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталык Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстаннын бір бөлігін қоныс етеді. Оның қүрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені — Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның қүрамындағы тайпалар одағы — Әлімүлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шемекей, шекті/; Байүлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқүрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/.
Жүздердің үйымдасқан уақыты, қалай қүрылғаны әлі жете зерттелмеген.
Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» — деуі де осыдан.
Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбы-лыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің эко-номикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың ершуі, әлеуметтік қай-шылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бүл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бүқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстар-дың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісу-дың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғол-стан ханы Есенбүғы (1434-1462) казақтардың мүнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбүғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыр-тқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылы-ғына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі фео-далдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайда-лануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс ауда-руының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қана-ушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шы-ңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сүлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін қүру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолдаған дербес мемлекет қүру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бүл арада түңғыш казақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сүлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандар-Дың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының түңғыш шанырағын көтерген Барақ ханның үлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғ-астыруы, әрине, табиғи құбылыс.
Бұл кезде жаңадан кұрылған Қазақ хандығының алдын-да тарихи үш үлкен міндеттурщл. Біріншіден, жаңа қоныс-танған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшақ даласында қалып-тасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екі-ншіден, «¥лы Жібек жолы» бойында орналасқан ірі қолө-нер-сауда орталықтары — Сығнақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қара-ту. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайлан-ды /1473-1480 жж./. Бүлардың түсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бүғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бүрынғыдан да күшейтті. Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арт-тыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шық-қан сүлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын-у дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы ӘбілхайырІ өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мүны қазақ хані дары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бүдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагер-леріне қарсы күрес жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбіл-қайыр ханның орнына отырған мүрагер баласы Шайх Хай-дар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мүхаммед Шайбани мен Махмүд сүлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тай-паларды езіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.