Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары

 

1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады.

 

Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi.

Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады.

   Қола дәуірінде малды қолға үйрете бастады. Төрт түлік малдың ішінде ең бірінші үйретілгені жылқы және қой, ешкі болды. Маолдың қолға үйретілуі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтың шығуына үлкен әсерін тигізді. Тайпалар мен тайпалық одақтардың көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысуына себеп болған жағдай табиғи-климаттық жағдай. Табиғи-климат, географиялық ерекшеліктер сол жерде тұрған адамдардың шаруашылықтың қандай түрімен айналысуына бірден-бір себеп болды.

    Шаруашылығына байланысты көшпелі өмірдің дәстүріне ауысты. Сонымен қатар егіншілік мәдениеті де қатар дамыды. Қазақстан жерінде негізінен дәнді дақылдар егілді. Табылған археологиялық қазбалар бүгін соны дәлелдеп отыр.    Қола дәуірінде еңбек өнімділгі тас ғасырына қарағанда анағұрлым артты., оны бүгінгі ғылым жетістіктері толық дәлелдеп отыр. Қорыта келгенде қола дәуірінің үлкен жетістігін көруге болдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *