ӘДІСТЕМЕ

                ӘДІСТЕМЕ (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2)оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3)педагогиканың  жеке пәндерден берілетін білім көлемі  мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін  зерттейтін саласы. Жалпы алғанда  жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту  процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын  пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. Ә.дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия, педагогика, филология және т.б. ғылымдардың жетістіктеріне  сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *