АУЫТҚЫҒАН  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

            АУЫТҚЫҒАН  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ (Девиантное поведение) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы;оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез – құлық – мінездің қылт етпе, құбылмалы,айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік  сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез – құлық физиологиялық  және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей)  психикаға әсері күшті болғанымен ,адамды оның салдары  үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мүмкін. Паталогиалық негіздегі ауытқымалы  мінез – құлық адамды бір сәтке сана – сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс — әрекеттер (шабуыл) жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез – құлыққа  ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам “есі кіресілі — шығасылы” деп танылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *