Салықтандырудың принциптері және түрлері

Салық – бұл, белгіленген мерзімде және белгілі заңмен мөлшерленіп бюджетке түсетін міндетті төлем.

Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады:

  • жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту;
  • тұрақтылық, салық    мөлшері   мен    салық    түрінің тұрақтылығы;
  • тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;
  • міндеттеме, яғни    салықтың   мәжбүрлілігі,  төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі;
  • әлеуметтік әділдік, яғни салық мөлшері мен салық жеңілдігін құру.

Салықтың түрлері:

Салықтандыру объектілері бойынша белгіленеді:

Табысқа салық. Мүлікке салық. Белгілі тауарлар және қызметті сатыпалушылар шығындарына салынатын салық.

Төлету тәсілдері бойынша салықтар бөлінеді:

  • Тікелей (мүліктің иелерінен немесе табыс алушылардан тікелей алыну: табыс салығы, меншікке салық).
  • Жанама (белгілі тауарлардың бағасына қосылады және сол тауарларды сату кезінде тұтынушылардан алынады – акциздер және кедендік баж).

Салықтың мөлшерін белгілеу үшін үш жүйесін көруге болады:

а) пропорционалды салық табыс, шығын немесе мүлік құнының сомасына тәуелді емес өзгермейтін пайыздық ставкасы бар салық болып табылады; б) табыс өскен сайын ставкасы да өсетін салық прогрессивті деп аталады; в) табыс өскен сайын ставкалары төмендейтін салықтар регрессивті деп аталады.

Салықтар сомасы келіп түсетін бюджет деңгейі бойынша жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Пайдалану тәртібі бойынша: жалпы салықтар – мемлекеттің бірыңғай кассасына түседі, белгілі бір мақсаты бар мақсаттық немесе арнайы салықтар болып бөлінеді.

Қазақстанда ҚР Салық кодексімен бекітілген келесідей салықтар бар:

  • Корпоративті табыс салығы;
  • Жеке табыс салығы;
  • Қосылған құн салығы;
  • Акциздер;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
  • Әлеуметтік салық;
  • Жер салығы;
  • Көлік құралдарына салынатын салық;
  • Мүлік салығы.

Салықтардан басқа, бюджетке алымдар да келіп түседі: сауда құқығы, автокөлікті қою құқығы үшін, курорттық алымдар.

Салықтандырудың өзінің шегі болады. Салық ставкалары белгілі бір биіктікке дейін өседі, ал одан кейін төмендейді:

  • адамдардың экономикалық белсенділігі төмендейді;
  • адамдар салық төлеуден бас тартады;
  • көлеңкелі экономика өседі.

Ставкалар және салықтың түсірілу арасындағы өзара байланысты Лаффер қисығы көрсетеді.

L нүктесі N нүктесіне қарағанда артықшылығы бар. Бұнда экономикалық белсенділік жоғары, жұмысбастылық және өндіріс көлемі көп, игілікті тұрмыс деңгейі жоғары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *