Қаржы тарихи категория. Оның табиғаты мемлекетпен тығыз байланысты, себебі оған өзінің қызметін атқару үшін ақша қаражаты қажет. Қаржының мәні қоғамның экономикалық құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің қызметімен анықталады.
Қаржы түсінігі, бір жағынан мемлекеттік және жергілікті бюджеттегі қаржыларды айтады. Екінші жағынан – монополиялардың, корпорациялардың, кәсіпорындардың, фирмалардың ақшалай капиталы болып табылады.
Қаржы қатынас бұл ақшамен байланысты қатынас. Қаржылық жүйе – бұл, шаруашылық субъектілері және мемлекеттің ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлінуі және пайдалану әдістері мен түрлерінің жүйесі. Экономикалық категория ретінде қаржының маңызды белгісі қаржы қатынастарының бөлу сипаты болып табылады. Қаржылық қатынастардың материалдық сақтаушысы қаржылық ресурстар болады.
Мемлекеттің және шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары әртүрлі ақшалай табыстардың есебінен қалыптасады және ұлғайтылған ұдайы өндіріске, жұмыскерлерді материалдық ынталандыруға және қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттілігіне қанағаттандыруға жұмсалады.
Қаржы жүйесінің (маңызды) қызметтері мыналар:
— мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ету қызметі;
— бөлушілік қызметі;
— бақылаушылық қызметі.
- Мемлекеттің анықтаушы қызметінің міндеті, қаржы қатынасы жүйесі арқылы қаржы жинақтау болып табылады.
- Мемлекеттің бөлушілік қызметі, оның қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін ол ақша түрінде өз қолына біріктіре отырып, оны қаржы арқылы бөлуі мен тұтынуы болып табылады. Ол арқылы, арнаулы қорларды, әлеуметтік қамсыздандыру мен мемлекеттік бюджеттің құрылуын қарастырады.
- Бақылау қызметі, ақша қорларының құрылуы мен пайдалану процесінде көрінеді. Әртүрлі салықтың түрлерінің дұрыс алынуын бақылайды Қорлардың жұмсалуын, олардың белгілі мақсатқа және тиімді пайдалануын бақылайды.
Қаржылық жүйені халықтың, шаруашылық субъектілері мен мемлекеттің қаржыларының өзара байланысы ретінде анықтайды.
Қаржы жүйесінің құрылымы:
- барлық деңгейдегі бюджеттердің жиынтығы (мемлекет, әкімшілік бірлігі, жергілікті үкімет органдары);
- бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, мүліктік, жеке қамсыздандыру);
- мемлекеттің валюталық резерві;
- кәсіпорын мен ұйымдардың ақшалай қорлары.