ШЕКАРАДАҒЫ КҮЗ
Жапырақтар…
Желге ұшқан жапырақтар,
Сағынышты солдаттың хатын ап бар.
Мәрт табиғат білдіріп күз келгенін,
Жер бетіне жіберіп жатыр ақпар.
Жауады жапырақтар…
Жасыл бақты, жайқалған даладағы,
Сұрсыз әлем келеді тонағалы.
Күздің қоңыр белгісін шекарадан,
Өткізбеуге солдаттың жоқ амалы.
Толғатады дүние, толғатады,
Мұңға толы неліктен солдат әні?!
Табиғаттың киіп ап сұр шинелін,
Бір қоңыр күз келеді Жерге тағы…
Табылды Досымов