Ақшаға сұраныс. Ақша нарығында тепе-теңдік

Ақшаға сұраныс оның екі қызметінен шығады – айналым құралы және байлықты сақтау қызметінен. Бірінші кезінде ол сату-сатып алу келісімде керек, ал екіншісінде, ақшаға басқа да қаржылық активтерді сатып алу құралы ретіндегі, сұраныс туралы (облигация және акциялар).

Келісім үшін ақшаға сұраныс қоғамның ақшалық жалпы табысымен анықталады және номиналды ЖІӨ тікелей пропорционалды өзгереді.

Басқа қаржылық активтерді сатып алу үшін ақшаға сұраныс дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыс алуға ұмтылумен анықталады және пайыздық ставка деңгейіне теріс пропорционалды өзгереді.

Ақшаға жалпы сұраныс пайыздық ставканың әрбір мүмкін мөлшерінде халық және фирмалар келісім үшін, акция, облигация сатып алу үшін жалпы ақшаның санын көрсетеді. Айырбас теңдеуі, немесе И.Фишер теңдеуінің түрі мынадай:

 

М • V = Р • Q

мұндағы М – ақша массасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы; Р – баға;

Q – тауардың саны. Осыдан:

Р • Q М = ————

V          .

Бұл теңдеудің салдарынан, ақшаға сұраныс мөлшері келесі факторларга тәуелді:

— бағаның жалпы деңгейі;

— өндірістің нақты көлемінің деңгейі (ол өскен сайын  нақты табыста өседі);

— ақша айналымының жылдамдығы.

Ақша нарығы, бұл ақшаға сұраныс пен  ұсынысты пайыздық ставка деңгейі арқылы анықтайтын нарық, ақшаның бағасы белгіленеді. Ақша нарығындағы тепе-теңділік сұраныс және ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінде болады.

Ақшаның ұсыныс қисығы тікелей түзу түрінде болады. Бұл, ақша ұсынысын бақылайтын Ұлттық банк, оны белгілі деңгейде ұстауға тырысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *