Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері

Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері Табиғатты қорғау ісінің түйінді түсініктері Қазақстанның қорғалатын территорияларына сипаттама Өсімдік дүниесі Жануар дүниесі Қызыл Кітап, оған кіргізілген өсімдіктер мен жануарлар Жануар және өсімдік әлемін қорғауын қарастырудан бұрын осы саланың түйінді терминдеріне тоқталып кеткен жөн. Ең бастасыареал деген түсінік, жануар, өсімдік әлемі. Ареал деп жануардың не болмаса өсімдіктің бір түрі таралған жерді, аймақты атайды Өсімдік дүниесі ол өсімдік жамылғысы, жер бетінің, немесе бір регионның фитоценозының жиынтығы.Өсімдік тек қана түрлілік құрамымен ғана емес, санымен, түрлі тірі ақзалардың формаларының ұйқасымен, олардың динамикасымен және кеңістік кұрамымен сипатталады. Жануар әлемі ө ол тарихи құрылған жануарлардың бір немесе бір неше , Туристік-өлкетану саласының жұмысшылары табиғатты қоргаудағы келесі екі аспектіге көңіл аудару керек: Біріншісі – гидтерге және туристерге ұйымдастырушы мекеме мен (фирма мен)жорық немесе саяхат кезінде табиғатты қорғаудың негізгі ережелері жайлы ақпарат беру. Екінші аспект – туристік мекемелерінің табиғатты қорғау жұмысының материалдық базасы (маршрутты белгілеу және жабдықтау,бивактар үшін, табиғатқа кедергі жасамайтын құрал жабдықтардың жаңа түрлерін пайдалану) Жорық кезінде ботаникалық бақылауларды көбінде шипалы, жабайы және декоративті шөптерді анықтауға пайдаланады. Зоологиялық бақылаулар туристер үшін екі мәселеге бөлінеді: танымдық (номенклатура жайлы және жануарлардың ареалдары туралы ақпарат) сақтау (маршрутты қауыпсыз өту жайлы ақпарат) Өлкетанулық ақпаратты жүйелеу үшін фенологиялық бақылаулар жәйлі ақпарат қажет. 6. Геоботаникалық зерттеулер Геоботаника туристердің қызығушылығын тудырады. Өсімдіктердің біртектілігі географиялық ортаның біртектілігінің көрсеткіші болып табылады, бір типтің екінші типке ауысуы климаттың, тау жыныстарының және табиғи ортадағы өзге өзгерістерге әкеледі. Сондықтан да өсімдіктердің біртектілігі аумақты аудандастырудың бір белгісі болмақ. Өсімдіктерді жазып қана қоймай, гербарий құрастыру қажет. Гербарий үшін жақсы дамыған жапырағы, гүлі және жемісі бар, бұзылмаған өсімдікті таңдаған жөн. Жаңбыры күні немесе таңертеңгісін, шық кеппей тұрмай жинауға болмайды. Өсімдікті тамырымен қазып алып, оны қағаздың арасына ботаникалық папкаға немесе торға салады, папканы тығыз қылып байлайды, үлкен өсімдікті екіге бүктейді, жапырақ пен гүлді майыспайтындай қылып түзейді. Қылқан жапырақты ағаштардан міндетті түрде жаңғақ қоса алынады. Қылқан жапырақ кепкен кезде, шашылып қалмау үшін қылқанды ыстық құмда кептіреді. Жуан және бұлшықты жапырақ пен бұтаны кептірген қиынырақ. Оны ыстық суға пісіріп немесе спиртке аз уақытқа салып, содан кейін қағаз кулекке салып, оны ыстық құмммен көму керек. Егер өсімдік кепкен болса, ол ұшынан ұстап тұрған бұта тік тұрып, майыспайды. Жапсырмада реттік нөмері, өсімдік атауы, толық мекен-жайы мен өскен ортасы, кім және қашан жұлып алғаны көрсетіледі. Егер өсімдіктің ғылыми атауы белгіссіз болса, уақытша жергілікті атауын қолдануға болады. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді жинауға рұқсат етілмейді, сондықтан да жорық немесе экспедиция алдында ҚР Қызыл кітабымен танысып алу керек. Турист-ботаниктің құрал-жабдығы: өсімдікті кептіру үшін пресс, күрекше, үлкен бақшалық пышақ, тысы бар кішкентай күрекше, өсімдікті сақтау үшін фанералық таяқша, газет қағазы, қойын дәптер, жапсырма үшін дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, өсімдікті анықтауыш. 7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер Зоология мен энтомологияны сүюшілер саяхат кезінде жануарлар туралы мәліметті және коллекцияны жинай отырып, елдің зоологиялық байлығын зерттеуге көмек тигізбек. Шыбын-шіркей, құстарды және сүтқоректілерді бақылау оңайырақ. Бақылауларды жүйелі түрде жүргізу керек: мерзімі мен жиналған орны, ауа-райы, бақыланатын объектінің атауы, оның орын тепкен жері, объектінің мінез-құлқы. Объектінің міндетті түрде жапсырмасы болуы керек. Оған күнделіктегі уақытты, объектінің жиналған орны, жинаған адамның аты-жөні жазылу керек. Турист-зоолог пен энтомологтың құрал-жабдығы: жердегі және судағы шыбын-шіркейді аулау үшін әртүрлі ебелектер, морилкалар, эфир, спирт, формалин, қорапшалар, мақта, скальпель, буланған қайшылар, пинцет, жіптер, инелер, газет қағазы, аузы мықты жабылатын ыдыс-аяқтар. Фенология – табиғаттың маусымдық даму заңдылықтары туралы ілімдер жиынтығы. Фенологиялық әдістің негізі көпжылдық бақылаулардың қайталануымен анықталады. Өлкетануды сүюшілер визуалды бақылайды. Бақылауларды дара экземплярға емес, популяцияға жүргізген жөн. Бақылауларды жыл мезгілдеріне байланысты, 2-3 күнде бір реттен кем емес жүргізген жөн. Өсімдіктерді бақылау. Осы аймақта жиі кездесетін өсімдіктерді таңдаған жөн. Көктем мен жазда келесідей құбылыстар бақыланады: — ағаштардағы сөлдің қозғалысын; — бүршік атыуын; — бүршіктің жарылуы – жапырақ ұштарының пайда болуын; — алғашқы жапырақтардың ашылуын; — гүлденудің басталуын; — гүлденудің аяқталуын; — бастапқы тұқымдануын; — жаппай тұқымдануын; — жапырақтардың түске боялуын; — жапырақтардың түсе бастауын; — жапырақтың толығымен түсінен айырылуын; — қоңыр күздің аяқталуын. Жануарларды бақылау. Тозаңдандырушы, бал тасушы, ауыл шаруашылық өсімдіктерге зиян келтіретін шыбын-шіркейді бақылаудың практикалық маңызы зор. Келесі құбылыстарды белгілеген жөн: — ірі түрлердің (имаго) алғашқы және жаппай пайда болуын; — жұмыртқа сала бастауын; — дернәсілдердің пайда болуын; — дернәсілдің көбелекке айнала басталуын. Құстарды бақылау үшін арнайы желі таңдалады. Құстардың белсенді кезі таңертеңгі уақытта бақылаған жөн: — құстардың келу (ұшып өту) уақытын анықтау; жаппай ұшып өту уақытын анықтау; — құстардың ұшып кету уақытын; құстардың жаппай ұшып кету уақытын белгілеу. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар Өлкетанушылардың зерттеуі үшін қол жеткізерлік негізгі табиғи компоненттерін атаңыз? Ботаникалық және зоологиялық зертеулерді жүргізу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *