Экономикалық өлкетану

Экономикалық өлкетану. Экономикалық өлкетанудың мазмұны, мәні, көздері. Өлкенің халқын оқу: экономикалық, демографиялық және әлеуметтік аспектілері. Шаруашылықтың құрамы және оның классификациясы. Өлкетану оқу объектісі ретінде кәсіпорындар, елді мекендер және аудандар. 4. Рекреациялық ресурстар және рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін: 1. Біріншіден туристер өзінің саяхат жасайтын ауданның экономикалық географиясында қызығушылық танытады. Олар жергілікті халықтың ауданның табиғат жағдайларын мен ресурстарын пайдалануы және ұйымдастырылуы туралы білуге, шаруашылықтың түрін анықтауға, елді мекендермен және олардың тарихымен танысуға, халықтың мәдениетімен, тұрмысымен танысуға тырысады. Шаруашылық және халық туралы мәліметтердің қайнар көзі статистикалық жинақтар, жергілікті халықпен сұхбат болып табылады. Халық бұл берілген территорияда тұратын барлық адамдар жиыны. Толық мәліметтер белгілі бір уақытта өткізілетін халық санағынан алынады. Халықты оқудың демографиялық аспектілеріне тұрғын халықтың саны, жас және жыныс құрамы, табиғи өсу, миграция, этникалық қрамы және т.б. жатады. Экономикалық аспектілерге қала және ауыл халықтарының ара қатынасы, еңбекке қабілетті адам және еңбек ресурстары, экномиканың қай саласында жұмыспен қамтылған, халықтың еңбек дағдылары, сауаттандырылу деңгейі, халықтың орналасуы және т.б. жатады. Әлеуметтік аспектілерге әлеуметтік құрамы, этникалық құрамы, халықтардың дәстүрлері мен мәдениеті жатады. 2. Әр аймақтың шаруашылығы материалды өндірісті және өндірістік емес салаларды қамтиды. Материалды өндірістің негізгі салалары: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану. Өндірістік емес ортаның салалары: тұрмыс-коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, өнер, спорт және туризм. Өлкетанушы материалды өндіріс және өндірістік емес ортаның шаруашылықтағы үлестерін анықтауға тиіс. Халықты және кәсіпорындарды сипаттау жоспары «Лабораторлық жұмыстарды орындаудың әдістемелері» бөлімінде көрсетілген. 3. Рекреациялық ресурстар – бұл рекреация үрдісінде адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын табиғи-климаттық, әлеуметтік-мәдени, тарихи, архитектуралық және археологиялық, ғылыми және өндірістік, көріністік, діни және басқа да нысандар немесе құбылыстар. Өлкетану жұмыстарында рекреациялық ресурстар мен нақты объекттердің техникалық және экологиялық жағдайы туралы, оларға түсірілетін салмақ пен туристердің келу ағымы, оларды пайдаланудан түсетін табыс, ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған шаралар туралы мәліметтер жиналуы мүмкін. Туризмнің дамуы үшін аумақтардың жарамдылығы мен құндылығын анықтаудың мақсаты болып туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу табылады. Олар туристік-экскурсиялық қызметте жарамды және емдік, сауықтыру-спорттық және танымдық туризмді қажеттіліктерді қанағаттандыратын, табиғи және қоршаған ортада адам қолымен жасалған нысандар мен құбылыстар жиынтығы. Туристік-рекреациялық ресурстар – тарихи ұғым, өйткені ғасырлар бойы ресурстардың кейбір түрлерінің рөлі және олардың құрылымы, туристік қажеттіліктердің көлемі өзгеріп отырды. Бұл табиғи және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа элементтердің айналымға түсуіне әкеп соғады. Туризмнің әрбір түрінің ресурстары ерекше сипатта болады: — Санаторлық-шипажайлық демалыс үшін минералды сулар мен емдік балшықтардың әртүрлі түрлері қолданады; емдік әсер беретін ауа райы мен климат; өзіндік микроклимат тән үңгірлер мен тұздар (спелеотерапия) қолданылады. Қазақстандағы танымал курорттарына келесі курортттар жатады: Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алмаарасан, Арасан-Қапал, Жанақорған, Боровой. — Сауықтыру демалыс қолайлы және жайлы климаттық мезгілдерде, сулар, өсімдіктер, жер бедері мен ландшафтың емдік әсер беретін тағы басқа элементтері мен қасиеттері негізінде дамиды. Дұрыс ұйымдастырылған және кең пайдаланған белсенді демалу (жаяу жорық, қайықпен жүзу, велосипедтті пайдалану) адамның физикалық жағынан тың, мықты қылады — Спорттық туризм және категориялық саяхаттар үшін аймақтың өткіштік және кедергілердің болуы (табалдырықтар, өткелдер, асулар), халықтың аз қоныстануы және ауданның алшақтығы сияқты қасиеттері маңызды. — Экскурсиялық туризмнің нысаны ретінде мәдени-тарихи және табиғи көрнекі жерлер, ерекше шаруашылық нысандары, фольклорлық мейрамдар және халықтық мәдениеттің элементтері (ұлттық ойындар, көркем өнері) табылады. Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары болып табылады: 1) қорлар көлемі (минералды сулар дебиті; бағалы рекреациялық аумақтар көлемі; туристік орталықтардың экскурсиялық әлеуеті), ТРС-тің әлеуеттік сыйымдылығын анықтау, игерілу деңгейін анықтау, салмақты оптимизациялау үшін қажет. 2) ресурстардың таралу ауданы (сулы көкжиектердің, жағажайлардың көлемі; орманды, аумақтың сулылығы; тұрақты қар жамылғысының шекаралары) әлеуеттік рекреациялық жерлерді анықтау мен санитарлық қорғау аймақтарын анықтауға қажет; 3) эксплуатация жүргізуге мүмкін кезең (қолайлы климаттық кезеңнің, шомылудың ұзақтылығы, тұрақты қар жамылғысының жатуы) туризмнің мезгілділігі мен туристік ағымдардың ырғақтылығын анықтайды; 4) көптеген ресурстардың аумақтық қозғалмаулығы, рекреациялық инфрақұрылым мен туристік ағымдардың олардың шоғырланған жерлеріне тартылуына әсер етеді; 5) салыстырмалы төмен капиталсыйымдылығы мен эксплуатациялық шығындардың төмен бағасы, инфрақұрылымды жедел құруға, әлеуметтік және экономикалық нәтиже алуға, сонымен қатар ресурстардың жекелеген түрлерін өз бетінше қолдануға жағдай жасайды; 6) табиғатты рационалды қолдану нормаларын сақтау және қажетті рекультивация мен сәулеттендіру шараларын жүргізу арқасында көп рет қолдану мүмкіндігі. Қазіргі уақытта демалыс пен туризм ресурстары тікелей және жанама деп те жіктеледі. Біріншісіне туристер өздері пайдаланатын – ландшафтың әсемдігі мен экзотикалығы, жердің емдік қасиеттері, тарихи-мәдени ескерткіштер және де басқа танымдық объектілер сияқты, ресурстар жатады. Бірақ туристік ресурстарды игеру үшін жанама ресурстарды да тарту қажет – шикі заттық, отын-энергетикалық,материалдық, қаржылық, еңбек қорын т.б. Туристік-рекреациалық ресурстар аймақтық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды қалыптастыруға, олардың мамандануына және экономикалық тиімділігіне әсерін тигізеді. Рекреациялық ресурстар ұлттық мұра болып табылады. Олардың ерекше маңызға ие бір бөлігі, әлемдік деңгейдегі ескерткіштер қатарына жатқызылады. Бұл тізімді жыл сайын ЮНЕСКО анықтап, жаңартып отырады. Өлкетанулық жұмыс барысында рекреациялық ресурстар мен кейбір нысандардың техникалық және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер мен оларға түскен салмақ пен келушілер саны, оларды қолданудан түсетін пайда және оларды сақтау мен реконструкциялау бойынша қажетті шаралар туралы мағлұматтар жиналуы мүмкін. Рекреациялық нысандар оларға келуді шектейтін ерекше қорғау режимінде болуы мүмкін, мысалы, ерекше қорғалатын аумақтар (ЕҚТА). Өзін-өзі бақылауға және өздік жұмыстарға арналған сұрақтар: Өзінің өлкенің халқы мен экономикасы туралы мәліметтердің көздері. Статистикалық ақпаратты пайдалану мен анализделу әдістемелерінің ерекшеліктері неде? Рекреациялық ресурстардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы қандай? Өзінің өлкесінің халқысын сипаттау қандай жоспар бойынша беріледі? Өзінің өлкесінің шаруашылығын сипаттау қандай жоспар бойынша беріледі? Өзінің өлкесінің шаруашылық объекттерін сипаттау қандай жоспар бойынша беріледі?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *