Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

 

1.      Шаруашылық серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі бар:

  • Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады.
  • Коммандитті серіктестіктер. Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады.

 

2.      Шаруашылық қоғамдар.

Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері:

  • ЖШҚ – Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы.
  • Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді.
  • АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге – акцияларға бөлінеді. Түрлері:
  • ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады.
  • ААҚ: акциялар еркін сатылады.
3.      Өндірістік кооперативтер

 – бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі.  Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік  – берген салым (пай) мөлшерінде.

 

4.      Унитарлы кәсіпорын.

Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.

Екі түрі бар:

  • Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді.
  • Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).

Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:

Ұйымдардың келесі түрлері болады:

  1. Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.
  2. Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.
  3. Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі.
  4. Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.
  5. Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады.
  6. Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі.
  7. Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді.
  8. Қаржылы-өнеркәсіптік топтарірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *