Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:
- Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;
- Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;
- Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.
Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.
Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.
Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
- Пайда алу және оны өсіру
- Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
- Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
- Сапалы өнім шығару
- Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
- Өз қызметін дамыту