Аграрлық дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс. Мемлекеттік циклге қарсы реттеулер

Циклдік кризис өндірістің көп бөлігін, халық шаруашылығының барлық аймағын қамтитын болғандықтан

«жалпы» деп аталады. Сонымен қатар, өнеркәсіптің бір саласын ауылшаруашылығын және көлікті (мысалы, тоқыма өнеркәсібі) қамтитын салалық кризис болуы да мүмкін.

Экономикалық кризистің басқа бір түрі – халық шаруашылығының дамуында ірі сәйкестенбеумен туатын құрылымдық кризис. Мұндай кризис әдетте созылмалы сипатқа ие және одан шығу өте қиын (құрылымдық кризистің мысалға: энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктік жатқызуға болады).

Аграрлық дағдарыстың ерекшеліктері келесіде:

  • аграрлық дағдарыс ауыл шаруашылықтың өнеркәсіптен артта қалуымен байланысты (бұл артта қалу экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жеткен барлық мемлекеттерге тән емес);
  • аграрлық дағдарыс ұзақ болатындығы соншалық жалпы қайта өндірістің дағдарысы кезеңімен сәйкес келмейді;

— аграрлық дағдарыс өзіндік кезеңі болмайды. Бұл келесідей себептерден туындайды:

  • табиғи – климаттық жағдайлар, мысалы, көпжылдық құрғақшылық;
  • соғыстар, өрттер,  мыңдаған   гектар   жерлерді көп мерзімге пайдаланудан шығарып тастайды;
  • ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімге «баға қайшылары»;
  • өнеркәсіптікке қарағанда ауылшаруашылығында еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;
  • мемлекеттің ауылшаруашылығын әлсіз қолдауы.

Құрылымдық дағдарыс жеке сфера мен салалардың дамуы арасындағы диспропорциясынан туындайды, созылмалы сипатқа ие және циклдік дағдарыстың басталуымен әрқашан сәйкес келе бермейді. Құрылымдық дағдарыстарға мұнай, азық- түліктік, энергетикалық, шикізаттық, валюталық, экологиялық дағдарыстар жатады.

Қазіргі кездегі мемлекет экономиканың «тым қызып кетуін» ұстап тұра алатындай экономикалық құралдары  бүтіндей жинағына ие. Осы мақсатта икемді салық жүйесі пайдаланылады: пайдаға (қосымша құнға) саналатын салық ставкасын төмендете немесе жоғарылата мемлекет белгі әрекет аумағында іскерлік белсенділікті ынталандырады (немесе, керісінше тоқтатады).

Сол мақсатта несиелік саясатты қолданады – пайыздық есептік ставкасын төмендете не жоғарылата отырып капиталдың қосымша салымын салуға қызығушылықты көтеруге болады немесе оларды салмауға болады.

Өндіріс дамуына үлкен үлес қосатын және циклдікті бәсеңдету мемлекеттік бюджет саясаты арқылы жүргізіледі. Осылайша, бюджет есебінен ірі даму бағдарламаларды (мысалы, өндірістік инфрақұрылым) қаржыландыру қоғамға қажетті бизнестің даму үшін алдын ала жағдай жасайды. Цикл мерзімі азаяды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орташа кризистік цикл 8-10 жыл болса, қазіргі кезде ол орташа  5 жылға тең. Циклдің құрылымына өзгерістер енеді.

Экономикалық ғылымға «ұзақ цикл» деп аталатын ұзақ мерзімді қамтитын периодтық тербелістерді анықтауға мүмкіншілігі

туды. Осындай өзгерістерге  (тербелістерге)  ағылшын  экономисі Х. Кларк назар аударды. Ол 1793 және 1847 жылдар арасындағы (54 жыл), өте үлкен аралық кездейсоқтық емес, негізгі себептері бар деген болжам жасады. Оның еңбегіне үлкен үлес қосқан, енді, оның атымен ұзақ циклдер немесе «ұзын толқындар» деп атау қабылданған орыс ғалымы Н. Д. Кондратьев болды. 100-150 жылдық көптеген өзара байланысты көрсеткіштер қатарымен көптеген Европа елдерінің даму динамикасын зерттей отырып, ол келесідей маңызды қорытындыларға келді.

Нарықтық жүйенің дамуы толқынды түрде, үлкен циклдер ауқымында (45-60 жыл) дамиды. Әрбір осындай цикл үлкен екі фазадан – «көтерілу» фазасы және «төмендеу» фазасынан тұрады. Ұзақ мерзімді тербелістің периодтылығының материалды негізі қызметінің ұзақ мерзімділігімен негізгі капиталдың жаңаруы, ал жаңарудың өзі өндіріске жаңа технология: шикізат көздері мен энергия, жаңа мамандық жұмыскерлерін енгізумен байланысты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *