Кейнсиандық тепе-теңділік моделі

Кейнс «жинақ – инвестиция» «классикалық» макроэкономика- лық тәуелділігінің жаңа түсіндірмесін бере отырып, экономикалық ғылымға үлкен үлес қосты. «Классикалық» моделіндегі жинақ және инвестиция мөлшерінің тепе-теңдік қажеттілігі жиынтық ұсыныстың өсуіне басымдылық беруін білдірді. Кейнсиандық тұрғысынан жиынтық сұраныс басымдылығынан шықты. Бұл келесі пайымдаулардан туындайды.

Жұмысбастылықтың өсуі ұлттық табыстың (ҰТ) өсуіне алып келеді. ҰТ көп болған сайын, жиынтық сұраныста көп болуы керек. Бұл жағдай орын алмайды, себебі ҰТ өсуі кезінде оның көп бөлігі жинақтауға бағытталады. Сонымен, ҰТ көп болған сайын, оның нақты («тиімді») тұтынушылық сұраныс аз болады. Ол өндіріс көлеміне және жұмысбастылық мөлшеріне әсер етеді.

Сөйтіп, жұмысбастылық өсуі ҰТ арттыра отырып, сұраныстың өсуіне емес, жинақтаудың өсуіне алып келеді. Нәтижесінде өндіріс қосымша сұраныстан (жинақ мөлшеріне) айырылады және қысқарады. Нәтижесінде жұмыссыздықтың өсуі орын алады. Сондықтан Кейнс тиімді сұранысты ынталандыратын саясат қажет деген қорытынды жасайды.

Кейнсиандық модельде тепе-теңдік динамикасы механизмінің негізін классикалық модельдегідей «табыстар – жинақ» байланысы емес, «табыстар – сұраныс» байланысы құрайды.

«Бағадан» «сату көлеміне» өтуі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдік көлемінің қалыптасу механизмін жаңаша көрсетуге мүмкіндік берді.

Егер бір графикте жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисық сызығын құрсақ, онда оны келесі графикте көрсетуге болады, А нүктесі нарықтық экономиканың тепе-теңдік жағдайын көрсетеді. Мәселе, нақты ҰТ-дан ауытқу кезінде бұл мөлшерді қалпына келтіретін нарықтық механизмді түсіндіруде. Мұнда тек екі жағдай мүмкін: ҰТ тепе-теңдік мөлшерінен

«көп» немесе «аз» болады.

 

S,D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

S

D

A

ҰТ

0                           A1

 

1.18-сурет. Нарықтық экономиканың тепе-теңдігі

 

Табыстың бөлігі жинақталады, сондықтан сұраныс қисық көлбеу түрінде болады. ОА1=ЖҰӨ (тұтыну және инвестициялық тауарларға жиынтық сұраныстың болуы), және экономиканың тепе-теңділік жағдайына сәйкес. Нақты шынында екі басқа жағдай болуы мүмкін.

  • жағдай. Ұлттық табыс өскенде, жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс өседі. Ұсыныс, сұраныстан жылдам өседі сақтау әсерінен, содан тепе-теңділік бұзылады. Бірақ, тепе-теңдікке ұмтылу, өндірісті қысқартуға және жұмыссыздыққа әкеледі.
  • жағдай. ҰТ тепе-теңділік деңгейінен төмен болса. Сұраныс ұсыныстан артық. Тауар қоры қысқарады. Өндірістің өсу тиімділігі жұмыс істей бастайды. Бұнда тепе-теңдікке жетуге болмайды, яғни өндіріс бар ресурстарын пайдаланды, өз көлемін көбейте алмайды. Салғыртқа қарамай, баға өсе бастайды, инфляция басталады. Сондықтан, экономика жұмыссыздықтың немесе инфляцияның салмағының астында қалады. Бұнда мемлекеттің араласуы қажет.

 

S1D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

S

Жұмыссыздық

D

Инфляция

A

0                                                                                                 ҰТ

A1

 

1.19-сурет. Нарықтық экономиканың теңсіздігі

 

Экспансия саясаты. Мемлекеттің көмегімен тепе-теңділік деңгейі басқа деңгейге ауысады. Жиынтық сұранысқа әсер етіледі де, жұмыссыздық қысқарады, инфляция төмендейді.

Кейнс тиімді сұраныстың шешуші факторы ретінде инвестиция деп санады. Инвестицияны ұлғайтудың екі тәсілі бар: ақша-несие және салық-бюджеттік саясат есебінен. Зейнетақының, жәрдем, стипендия, жалақы, жалдамалы жұмысшылардың көбеюі. Бюджет арқылы салық жеңілдігі мен субсидиялар, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жалпылы ұлттық байланыстарды дамыту тағы сондай жұмыстарды жасау.

 

S,D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

S

В

D

A

ҰТ

0

A1        В1

 

1.20-сурет. Жұмыссыздықты қысқарту

 

Ұстамдылық саясаты. Бұнда мемлекеттік шығындарды қысқарту, салықты өсіру жолымен экономиканы тоқтату. Әлеуметтік бағдарламалар қысқарады. Сонымен жиынтық сұраныс азайып, инфляция төмендейді.

 

S1D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

S

В

D

С

ҰТ

0

С1            В1

1.21-сурет. Инфляцияны төмендету

Экономикалық тұрақсыздықтың басты көріністері болып, ең алдымен, өндірістік құлдырауы, жұмыссыздық және инфляция болып табылады. 30 жылдарда кейнсиандық ғылымдағы және экономикалық саясаттағы үстемдік еткен теория бола бастады.

Мультипликатор. Инвестицияны өсіру ұлттық табыстың өсуіне алып келеді және белгілі бір әсер күшінде толық жұмысбастылыққа қол жеткізуіне себебін тигізеді. Бұл ЖҰӨ өсуінің өспелі әсерін мультипликациялық әсер деп атайды. Мультипликатор негізінен, мәні бойынша көбейткіш деген мағынаны білдіреді. Ол өз алдына инвестиция өзгерістері мен табыс мөлшерінің өзгеруі арасындағы тәуелділікті айқындайтын коэффициентті білдіреді. Инвестицияға көбейту керек коэффициентті келесі формуламен есептейді:

1              1

К =              =           

1-МРС     МРS

Тұтынуға кететін табыстың өсу (қысқару) үлесі тұтынуға шектеулі бейімділік деп аталады.

МРС= ∆С/∆Ү

Қор жинауға кететін табыстың өсу (қысқару) қор жинауға шектеулі бейімділік деп аталады.

МРS= ∆S/∆Ү Олардың қосындысы бірге тең.

МРС+ МРS=1

Табыс пен инвестициялардың тәуелділігі мультипликатор арқылы анықталады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Мультипликатор

  • көбейткіш, ал акселератор бұл дайын өнім сұранысының өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді. Мультипликатор инвестиция көлемі өскендегі ЖҰӨ мөлшерінің көбеюін көрсететін сандық коэффициент.

ЖҰӨ (Ұлттық табыс) өсімі Мультипликатор МР =             

Инвестиция өсімі

Акселератор ол осы жылғы инвестиция өсімшілігінің өткен жылдары ұлттық табыстың өсімшілігіне сандық қатынасы.

Ағымдағы жылғы инвестиция өсімі Акселератор =          

Өткен жылғы ұлттық табыс өсімі

Макроэкономикалық модельдерде акселератор мульти- пликатормен бірігіп, шетелдерде экономиканы реттеу үшін кең қолданылады.

Туынды инвестиция мен жинақтылық парадоксының өзара байланысы, өндірістік құламалы қысқаруы және ұсақ өндірушілердің массалық кедейлену себептері осы жерде екендігіне назар аудару керек.

 

Қайталауға арналған сұрақтар

 

  1. Макродеңгейдегі тепе-теңдік пен жеке тауар нарығындағы тепе-теңдіктің айырмашылығы неде?
  2. Тұтыну, жинақ, инвестициялар категорияның өзара байланысын негіздеңіз.
  3. «Кейнсиандық крестін» сызып және оны сипаттап беріңіз. Неліктен график биссектриса айналасында құрылады? Инвестицияны сипаттайтын сызықтар неліктен қатаң түрде параллельді түрде жоғары жылжиды?
  4. Нақты мысалда мультипликация мазмұнын түсінгеніңізді көрсетіңіз.
  5. Маңыздылығы инвестицияның сол жағдайында экономикалық шешімдердің әсерін көбейтуінде болатын нақты мысалда «мультипликатор» санатының мазмұнын көрсетіңіз.

Жаңа терминдер мен ұғымдар

Жиынтық сұраныс Жиынтық ұсыныс

Қор жинауға бейімділік Тұтынуға бейімділік Мультипликатор Акселератор Жинақтылық парадоксы Сэя заңы

Инвестиция Автономиялық Туынды

 

Тест сұрақтары

  • Кейнсиан теориясына сәйкес
  1. нарықтық механизм   экономиканың   тепе-теңділік жағдайын кепілдейді;
  2. жиынтық сұраныс    мемлекеттің   және    нарық механизмімен жиынтық ұсынысын құрайды;
  3. нарықтық механизм табыстың және өндірістің тепе- теңдігін қамтамасыз етеді;
  4. ұсыныс сұранысты тудырады;
  5. тепе-теңдік мемлекетпен жетеді.

 

  • Дж. Мейнард Кейнстің ойы пайда болуына мүмкіндік берді:
  1. еңбек құнының теориясына;
  2. экономиканың негізгі звеносы ретінде – микроэкономикаға;
  3. шектелген игілік пайдалылығы заңына;
  4. экономикалық теорияның ірі бөлімі – макроэкономикаға;
  5. рента теориясына.

 

  • “Мемлекеттің экономиканы реттеуі тиіс” – деген тезисті алғаш рет дәлелдеген:
  1. У. Митчелл;
  2. П. Вальрас;
  3. Ф. Хайек;
  4. А. Маршалл;
  5. Дж. Кейнс.

 

  • Дж.М.Кейнс классикалық микроэкономика теориясының қай тұжырымдамасын сынайды:
  1. Сэй заңын;
  2. ақшаның сандық теориясын;
  3. экономиканың өзін-өзі реттейтін нарық теориясын;
  4. банк механизмін;
  5. ұсыну экономикалық теориясына.

 

  • Дж.М.Кейнстің “Жұмыспен қамту, пайыз, ақшаның жалпы теориясы” еңбегін жазу себебі:
  1. мемлекеттің экономиканы қатал реттеуі;
  2. монополияның өсуі;
  3. ақшаның айналыста көбеюі;
  4. терең дағдарыстан шығу;
  5. бағаның өсуі.

 

  • Кейнсиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себептерін байланыстырады:
  1. жетіспеген сұраныспен;
  2. өте жоғарғы жалақымен;
  3. жұмысшы кушіне резерв жасау қажеттілігімен;
  4. еңбек нарығындағы икемділіктің жетіспеуімен;
  5. саяси тұрақсыздықпен.

 

  • Дж. М. Кейнс «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» еңбегін қай жылы жарыққа шығарды?
  1. A) 1938;
  2. B) 1967;
  3. C) 1936;
  4. D) 1956;
  5. E)

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2D, 3Е, 4С, 5D, 6А, 7С .

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *